Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғаннан Аралға тарту

Жаңақорғаннан Аралға тарту


Дала табиғатының әрбір талы мен топырағын, жотасы мен атырабын, аң-құсын қорғап, келешекке мұра етіп қалдыру адамзатқа аманат. Сондықтан табиғатты талан-таражға түсірмей, тамырына балта шаппай, көздің қарашығындай қорғау – әр азаматқа парыз. Ал, Арал теңізінің бүгінгі ахуалы өте алаңдатарлық жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге үлкен мән беріп, нақты тапсырмалар жүктеді. Осы бағытта Жаңақорғаннан Арал теңізінің ұлтанына мыңдаған сексеуіл көшеттері көшіріліп, егу қолға алынды.


Президент жалпы бес жыл ішінде орман қорын еселеп молайту туралы нақты міндет қойып отыр. 2 млрд-тан аса ағаш көшетін отырғызу жүзеге асып, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біздің ауданнан Аралға 2021-2025 жылдар аралығында 1 млрд 100 мың көшет отырғызу жоспары бекітілген. Президенттің тапсырмасы бойынша Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы құм көшу процесін тежеу мақсатында сексеуіл көшеттері жөнелтілуде. Біз науқан барысымен арнайы танысып, орманшылардың берекелі ісінің куәсі болып қайттық.
Былтыр 1 млн 300 мың сексеуі көшеті мен 17 тонна қарабарақ тұқымы межелі аумаққа жіберіліпті.
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекет­тік мекемесінің директоры Мұхамед­жан Рүстемовпен байланысып, нақты жұмыстарды жүйелеп алдық. «Қазір мекеменің орман қоры жері 791 579 гектарды құраса, ішіндегі орманмен қамтылған аумақ 542 579 гектарды құрайды. Олар 4 санатқа бөлінген, яғни, Жаңақорған, Ақтас, Түркістан және Төменарық аймағы болып аталады. Осы орманды күзету, қорғау және өсімін молайту жұмыстарымен 100 мекемеде 100 қызметкер айналысады. Бекітілген қадамдық жоспарға сәйкес былтыр орман көлемін арттыруға байланысты көктемде “Ордакент” уақытша тұқым­бағының мектеп бөліміне 0,2 гектар жерге тал, жидек, терек ағашта­ры қаламшадан егіліп, осындай аумақ­қа үйеңкі, сәнағаш, қарағаш, айлант ағаштарының тұқымынан себіл­ді. Шығымдылығы қанағаттанарлық. 2022 жылдың күзінде ұйымдастырыл­ған сексеуіл тұқымбағындағы 20 гектар жерге себілген қара сексеуілдің шығым­дығы 25 пайызды құрап, күзгі санақ қорытындысына сәйкес 1 млн 500 мың дана сексеуіл көшеті бар. Жалпы орман тұқымбақ бөлімінде күзгі санақ нәтижесінде 1 млн 711 мың данадан аса тал шыбық бар» деді мекеме директоры.
Енді бүгінгі жас шыбықты терудегі қызу тірлікке оралайық. Біз жоғарыда орман қоры төртке бөлінеді де­дік. Биылғы жиын-терім Жаңақорған орман қоры жерінде жалғасуда. 2022 жылдың күзінде тасталған дәндер бой көтеріп, ойдағыдай көшет болып өсіпті. Ызғар елді мекеніне барар жолдың жағасы ақ шыбыққа көмкерілген. Ал­қаптың орманшылық басшысы Әди Әлайадаровпен пікірлесіп, мән-жайды білдік.
– Осы маусымда Арал ауданына 2 млн 300 мың көшет жеткізуді жоспарлап отырмыз. 10 гектар алқаптан теріліп жатқан көшеттердің барлығы бірер күнде жолға шығады. Біз бұл аумақ орман тұқым бағы болып саналады. Келесі жылы Ақсуаттағы аумаққа себілген дәнді жинап, межені орындауға тырысамыз. Ол аумақтағы жердің көлемі 7 гектардан асады. Жалпы қарамағымда 16 қызметкер бар: орынбасарым, 3 ор­ман шебері және 12 орман инспекторы қызметте.
– Сексеуіл көшетін отырғызу технологиясы бар ма?
– Бар, бірақ өте қарапайым. Күзде тасталған дән жылына екі мәрте суарылады. Тамыры 25 сантиметрден кем болмауы керек. Сонда ғана әлін сақтап, келесі топыраққа тұрақтағанша бойын тік ұстайды. Жерсіндіру де қиын емес, тек көшетті жақсы орналастыра білсе болғаны. Бұл Аралға деген қамқорлық деп білеміз. Туған өлкенің тыныс-тіршілігін түзеу керек болса, біз дайынбыз.
Иә, Әди Мұхамедәліұлы бастаған жігіттердің еңбегіне куә болып, аза­маттарға алғыс айттық. Қазіргі таңда елдің 6,2 млн гектар аумағын сексеуіл алқаптары алып жатыр, оның ішінде 2,7 млн гектары Қызылорда облысына тиесілі. Бұл өсімдіктің қасиеті көп, әлі де сырын сақтап келеді.
«Тілсіз жауға жаланған, төтеп беріп кеште бұл. Жолды сақтап бораннан қалды қалың сексеуіл» деген Сырбай Мәуленовтің ғажап туындысына арқау болған сексеуіл ежелден құм суыр­ған даладағы жолдың сорабын сақтау­ға қызмет етіп келе жатқан өсімдік. Кейінгі кезде пайдалануға берілген «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының да құм түтіп жейтін шөлейтті учаскелеріне Аралды құтқару қорымен бірге осы бір өсімтал ағашты егу жоспарланып отыр екен. Бұл асфальт жабындысын күннің ыстығы мен тұзды шаң-тозаңның басып қалуынан, құм көшінен сақтайды.
Иә, сексеуіл ең әуелі көшпенді бабаларымыздың шаңырағына жылу берген, қоламтасы таңға дейін қоздап жататын қызуы өте жоғары ағаш ретінде белгілі. Содан да болар, қазақ қасиет тұтқан сексеуіл томарын үйінің төбесіне қойып қоятын бір тылсым құрметке де ие ағаш бұл. Халқымыз үшін ертеден бағасы бөлек сексеуілдің бүгінгі миссиясы тіптен алабөтен, оны ғаламдық деңгейде қарастыруға болады.
Ерте көктемде секесуіл тұқымы өне бастағанда жер асты суы ыстықтың әсерінен тереңге түсе береді. Тұқымнан шыққан тамыр да суды қуалап төменге ентелей береді. Алғашқы жылдары тамыры 3 метрге дейін, одан кейінгі жылдары 20-30 метрге дейін ұзарады екен. Осыған орай сексеуіл су «аулауға» бейімделген, оны жас сексеуілдің өсуін бақылаудан айқын байқауға болады.Қанша жыл жасайтыны да халық даналығынан белгілі. Жарты ғасырға жуық қана өмір сүреді, бірақ осынша жылға жеткізбей тамырынан қопаруға әуес қорқау қылықтан тыйылсақ қане.
Тарихта қазақ пен сексеуілдің қасиетін ұқсастырады. Екеуінің де діңі мықты, төзімді қит етсе морт сынады. Оны бір-біріне ұрып қана сындыру оңай, былай шабу көп уақыт алады. Осындай қасиетке ие болса да біз бағалап жүргеніміз жоқ. «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» жыл сайын сексеуілге күтім жасап, өсірудің қамын жасап келеді.

Әли ЖАРЫҚБАЕВ

07 наурыз 2024 ж. 177 0