«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алтын ғасырдың алып адамы

Алтын ғасырдың алып адамы


Қазақ әдебиетінің “алтын ғасырында” Сыр бойынан шыққан танымал тұлғалар аз емес. Солардың қатарында Асқар Тоқмағамбетов, Мұхамеджан Қаратаев, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнолла Шүкіров, Дүкенбай Досжанов, Тынымбай Нұрмағамбетов сынды қазақ әдебиеті майталмандарының алдыңғы легінде өзіндік қолтаңбасымен танылған қаламгер – Әбділда Тәжібаевтың шоқтығы бір төбе.


Биылғы «Руханият жылы» аясында «Арман» кенттік мәдениет үйінде Әбділдә ақынның 115 жылдығына орай мүшайра болып өтті. Шараға Келінтөбе, Жаңа­рық, Қосүйеңкі, Бірлік, Екпінді, Шал­қия, Төменарық елді мекендерінен он үш үміткер қатысып, бақ сынады.
Мүшайраны мәдениет үйінің ди­ректоры Күланда Әбілтанова ашып, ру­хани танымдық шараның мән-мағы­насына тоқталды. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, өлең жазып, ұйқас құрастыруға қабілеті бар, әуесқой жас ақындарымыздың бетінен қақпай белін бууды мақсат еттік, – деді ол.
– Сырдың жағасында туып, өмірін өлеңмен өрген ақынның шығармашылығын зерттеп,жырларына арқау еткен жас ақындардың талабы қуантады. Ізденісте жүріп жақсы әдеттерді бойына жинап жатқан қатысушыларымызға алғысымыз шексіз. Осындай жастарымыздың қатары көбейе бергей – деп тілек білдірді ол.
Сайысқа қатысушылар алдымен Әбділда Тәжібаевқа өз арнауларын оқыды. Келесі кезең классик ақынның бір шығармасын жатқа айтумен жалғасын тапты.
Байқау қорытындысында бас жүлде Бірлік ауылының қатысушысы Айару Аянқызына бұйырса, Жаңарық ауылынан келген Ерасыл Мешітбай бірінші орын­ға ие болды. Екінші орын Әбунасыр Шәдібекке бұйырып, Қосүйеңкі ауылының қатысушысы Нұрсезім Байхон үшінші орынды иеленді.
Бас жүлде иегері Айару Аянқызы қуанышын төмендегіше жеткізді:
Әбділда Тәжібаевтың туған жер, отан тақырыбына қалам тербеген туын­дыларын оқу, ұйқасына мән беріп, мағынасына қанығу ерекше көңіл-күй сыйлайды. Сабақтан бос уақытымда түрлі жанрдағы поэзияларды оқып, жаттайтын өзім бұл шараның болаты­нын естігенде, бағымды сынап көруді жөн санадым. Толқынысым мен қуанышым, поэзияға қызығушылығым арта түскендей, – дейді ол.
Шығармашылыққа құмар, түрлі та­қырыптарда қалам тербеп жүрген мектеп оқушылары алғыс хаттарға ие болды. Асылайым Әнуарбек пен Нәзипа Тұрал­бай аталмыш сайыста арнайы жүлде­­мен марапатталды. Сала мамандарының төрелік етуімен өткен рухани танымдық басқосуда «Арман» мәдениет үйінің әншісі Рашид Ертаев ән шырқап, шара қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жәмила Ермахан

02 наурыз 2024 ж. 230 0