» » Поэзия падишасына тағзым

Поэзия падишасына тағзым



Қарасазды қара өлеңмен тербеген ХанТәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ханзада Дошан "Арман" кенттік мәдениет үйінде "Әр өлеңі бір әлем" тақырыбымен әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
Ақиық ақынның мәңгілік музася болған өлең, жырын дәріптеу мақсатында мектептің өлең сүйер оқушылары қатысты. Мұқағали образын 10 сынып оқушысы Мадияр Бекзат сомдаса, балалар тобы ақынның отаншылдық өлеңдерін жатқа айтты. Ал, 8-9 сынып оқушылары лирикалық жырларын жатқа айтты. 10 сынып оқушылары Мұқағали мен Фаризаны сырластырып, "Бақыт" композициясын қойды. Ақынның әсем әндері жанды дауыста шырқалып, мерекеге мән кіргізді. Әдебиет әлемі айшықталып, ақынның ән-жыры сыршыл сезіммен шертілген салтанатты шара сәтімен жалғасты.
Әдеби кешке Арман мәдениет үйінің директоры Күлән Әбілтанова мен N286 орьа мекьеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнара Әлібекова жоғары бағасын беріп, Х.Дошанның шығармашылығына толағай табыс тіледі.
10 ақпан 2024 ж. 170 0