Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіптік бағдар –табысты болашаққа маңызды қадам

Кәсіптік бағдар –табысты болашаққа маңызды қадам


Ақпараттық технология қарқынды дамыған заманда болашақ мамандықты таңдаудың өзі айрықша мәнге ие. Сондықтан болар, кәсіби бағдар беру үрдісі оқу жүйесінде дәстүрге ене бастады. Осы бағытта аудандағы білім ошақтарында қолға алған ілкімді істер баршылық. Жақында №239 Т.Әбдірашев атындағы орта мектебінде өткен “Кәсіптік бағдар- табысты болашаққа маңызды қадам” аудандық семинарынан ойға түйгеніміз мол.


Семинарда педогогикалық тәжіри­бесі толыққан шебер оқытушылар оқушыларға мамандық таңдауда пси­хологиялық-педагогикалық қолдау көр­сетудің тиімді әдіс-тәсілдері жөнінде іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектептің кіреберісінен-ақ ұжымның осы шараға дайындығы жоғары екендігі байқалды. Фойеде жағалай жайғасқан Бесарық өнер мектебі домбыра ансамблінің орындауындағы күйлер жүректерге жетті. Ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Асқар Өмірзақ­ұлы семинар бағдарламасымен, мектеп тынысымен, жетістіктерімен таныстырды.
Мектепте алғаш рет ашылып отыр­ған кәсіптік бағдар беру және ата-аналарды педагогикалық қолдау ка­би­неті жөнінде мектеп директорының бейінді бағдар жөніндегі орынбаса­ры Жанна Ибадуллаева таныстырды. Мектептің ардагер ұстазы Ханымкүл Нұрымбетованың мамандық туралы жазған арнауын 8 "а" сынып оқушылары жатқа оқыды. Кабинет лентасын мектептің ата-аналар төрағасы Нұрлан Тілеубаев пен ел ағасы Берден Бұралқиев қиды. Кабинет іші заман талабына сай жасақталып, мамандық таңдаған оқушыларға кітап көрмелері. qr код стенд, оқушылардың дайындалатын ustady тест орталығы, 140 дайындау орталығына кіріп жұмыс жасау үшін qr код, joo.kz платформалары қойылыпты. Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген нақыл сөзі оқушыларға болашаққа жол көрсетіп тұрғандай.
Мектептің оқу ісі жөніндегі орын­басары Бекбол Жаманбалаев білім мен тәрбие, кәсіби бағдар бойын­ша «Мамандықтың кілті – білімде» стен­дісін талдап, креативті көзқарасты қалыптастырды. Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектебінің бейінді оқыту орынбасары Эльмира Жаманбалае­ва­ның «Мамандықтың кілті-білімде» көрме­сі жұртшылықтың назарын ерекше аударды. «Біртұтас тәрбие бағдар­ламасы» ұлттық адами құндылықтарға негізделген танымдық көрмені мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары Майра Тұрғанбаева таныстырып, өзінің тәжірибесі мол педагог екенін байқатты.
Ол мектепте біртұтас тәрбие бағ­дарламасы аясында аталар, әжелер, әкелер, аналар, ағалар, жеңгелер мек­тебі жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Халықшыл бастамаға ауылдың ақсақалы, Ерман Досжанов ақ батасын берді.
Әжелер мектебі «Сары бидай» әнін орындады. Жеңгелер мектебінің жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Балнұр Мұхтарова тәтті нан пісіру өнерінің қыр-сырымен таныстырды. Бизнес жоспар құрып, кіріс, шығыс шығынын есептеу жолдарын түсіндірді.

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Зияда Жолтаева мен Салтанат Бердібекқызы Т.Әбдірашев атындағы мұражайға келген қонақтарға ақпарат берді. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ернар Әбдірамашевтің «Қол күрес» үйірмесіне арналған кабинетінде 11- сынып оқушысы Дінмұхамед Оразалиев қол күрестен облыстық, республика­лық сайыстарға қатысқан оқушыларды таныстырды.

Кәсіптік бағдар беру кабинетінде Мейрамбек Керімбеков пен Айжан Қылышбаева «Ата-аналарды педагоги­калық қолдау орталығы» жұмыс бағыты бойынша "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген тақырыпта тәлімгерлердің басын қос­ты. 4 а сынып оқушыларымен Гүлзира Ауе­шова, Гүлжайнар Үсенова, Ләззат Қуандықова әдебиеттік оқу пәні бойын­ша «Мамандық туралы ойым» тақыры­бын­да орыс тілі, ағылшын тілі пәндері­мен интеграцияланған үштік сабақ өтті. Қайсар Қылышбаевтың оқушылар арасында «Дебат клубы» жобасында «Мамандықты ата-ана­мен таңдаған дұрыс» тақырыбын тар­қатқан пікірталас өтті. Мектеп психоло­гы Сауле Бердібекованың «Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» ҰБТ-ға психологиялық дайындық жаттығуында жас өренге сенімділік ұялатудың қыр-сыры айтылды. №160 орта мектебі директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Назипа Искендированың «Алдымызда сан тарау, төрт таңдау» баяндамасы, №247 орта мектебінің бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Перизат Иманбекованың «Мамандық таңдау-маңызды қадам» сабағы өтті.

Сондай-ақ, бастауыш бірлестігінің тәлімгері Роза Сыздықованың "Ертегілер әлемі" тақырыбындағы макеті, жаратылыстану бірлестігінің ғылыми жұмыстар мен робототехникалық жұмыстары, кітаптар макеті, гуманитарлық пәндер бірлестігінің кабинет безендіруі, дене шынықтыру және еңбек бірлестігінің ата- аналармен жасаған жұмыстары қонақтар тарапынан жоғары бағаланды.

Мектептің бір топ өнерпаздары сом­даған адамзаттың білім алуының маң­ыздылығы жайында әсерлі көрінісі көңілге ой салды. Сынып жетекшісі Алтай Топышев ТЕD форматында «Сен де бір кірпіш дүниеге ...» жобасын, 10-сынып оқушылары Еділжан Асанов, Қарақат Әбдіқадір , Қарлығаш Әбдімәлік, Айжан Әбсұлтан, Ақмарал Жұманова өздерінің таңдап отырған мамандықтары ту­ралы көзқарастарын жеткізді. Семинар соңы талантты оқушылардың өнерін тамашалауға ұласты.
Іс-шараның бағдарламасы бойынша белсенді қатысқан мектеп мұғалімдеріне “Алғыс хат” табыстап, аудандық білім бөлімі­нің бас маманы Назерке Сәбитқызы семинарды қорытындылады.

Гүлден СЕРІКБАЙ

20 ақпан 2024 ж. 207 0