Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖАҢА МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАРШЫСЫ

ЖАҢА МАМАНДЫҚТАРДЫҢ ЖАРШЫСЫ

Мамандық таңдау - маңызды іс. Өмірлік нәпақаның кілті болып саналатын мамандық таңдауға мектеп қабырғасында бағдар беру - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Білім беру саласындағы "Жаңа кәсіптер атласы" жобасы аясында мектеп директорының Бейінді ісі жөніндегі орынбасары Мира Тұрқұлқызының ұйымдастыруымен "Табысты өмірдің кілті" тақырыбында сұқбаттасу кеші өтті.


Мамандық таңдау кешіне - ҚР Құрметті құрылысшысы, ардагер Қалмахан Тәжіқұлов және Жаңақорған тынысы газетінің бас редакторы, жазушы-журналист Баян Үсейінова арнайы қатысып құрметті қонақ болды. Өрт сөндіру саласы бойынша 20 жылдан аса еңбек еткен Жұбаниязов Марат Елеусінұлы мен Америкада білім алған мектептің ағылшын тілі оқытушысы Есжан Сейдеметов те қонақтардың легін толтырып, оқушыларға өмірлік тәжіриебемен бөлісті.

Зиялы қауым өкілдерінің тұшымды әңгімесі мен сырлы сұқбатына ұштасқан әсерлі жиында оқушылар көкейдегі сауалдарына келісті жауаптар мен жаңа белестерді бағындыруға деген мотивация алды. Үлгі тұтар ұстаздары ағылшынды жетік меңгерген Есжан сынды ұстаздың озық ойын тыңдап, аға буын өкілдеріне деген ерекше құрметтің көрінісі байқалды.

#МамандықТаңдауМаңыздыІс
#ЖарқынҚадамдарғаБастама
#МамандықТаңдау
19 қазан 2023 ж. 1 391 0