№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Кәсіптік бағдар- табысты болашаққа маңызды қадам"

"Кәсіптік бағдар- табысты болашаққа маңызды қадам"

2024 жылдың 13 ақпаны күні Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің жоспарына сай, №239 Т.Әбдірашев атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен "Кәсіптік бағдар- табысты болашаққа маңызды қадам" тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Оқушылардың кәсіби қызығушылықтарымен бейімділіктерін анықтау, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтай отырып, кәсіби өзін-өзі анықтауда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсете отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибелер арқылы бөлісу. Іс-шара барысында: №239 орта мектебінің директоры Асқар Өмірзақұлы семинар бағдарламасымен, мектеп тынысымен, жетістіктерімен таныстыру ретінде жұмыстарға және аудандық білім бөлімінің бас маманы Назерке Сәбитқызы аудандағы бейінді оқыту саласы бойынша жасалып жатқан жұмыстармен алдағы жоспарға тоқталып өтті. №239 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жаманбалаевтың,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрғанбаеваның, №54 орта мектебінің бейінді оқыту орынбасары Э.Жаманбалаеваның жетекшілігімен «Мамандықтың кілті-білімде» , «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» ұлттық адами құндылықтарға негізделген танымдық көрме, «Кәсіптік бағдар беру»мен «Ата-аналарды қолдау»орталығына арналған кабинетті ашылуы, З.Жолтаеваның жетекшілігімен Төлепберген Әбдірашев атындағы мұражайымен және Е.Әбдірамашевтың жетекшілігімен "Қол күрес" үйірмесіне арналған кабинетпен танысу, №239 орта мектебінің мұғалімдері М.Керімбекова, А.Клышбаеваның жетекшілігімен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс бағыты бойынша "Бұлақ көрсең, көзін аш" дөңгелек үстелі, Г.Ауешованың, Г.Усенованың, Л.Қуандықованың жетекшілігімен Әдебиеттік оқу пәні бойынша «Мамандық туралы ойым» тақырбында Орыс тілі, Ағылшын тілі пәндерімен интеграцияланған үштік сабақ, Қ.Қылышбаевтың жетекшігімен «Дебат клубы» жобасы аясында "БП мамандықты ата-анамен таңдағаны дұрыс деп есептейді", мектеп психологы С.Бердібекованың жетекшілігімен «Мен өзіме сенемін, жетістікке жетемін» ҰБТ-ге психологиялық дайындық тренингі, №160 орта мектебінің бейінді оқыту орынбасары Н.Искендированың жетекшілігімен «Алдымызда сан тарау, төрт таңдау» баяндама, №247 орта мектебінің бейінді оқыту орынбасары И.иманбекованың жетекшілігімен «Мамандық таңдау-маңызды қадам» баяндама, №239 орта мектебінің бейінді оқыту орынбасары Ж. Ибадуллаеваның жетекшілігімен ТЕD x форматында «Сен де бір кірпіш дүниеге ...» жұмыстары көрсетілді. Іс-шараны ұйымдастыруды белсене қатыстқан мектеп мұғалімдері аудандық білім бөлімі басшысының м.а Б.Есенбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлескен форматындағы іс-шараның куәсі болған қатысушылар көрсетілген жұмыстарға жоғары баға беріп, алған әсерлері мен тәжірибелері үшін алғыстарын білдірді, алдағы уақытта алған тәжірибелері өз жұмыстарынан көрініс табатындығын айтып, кері байланыс жасады.
15 ақпан 2024 ж. 279 0