Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көшің болсын көлікті!

Көшің болсын көлікті!


Көші-қон дәстүрі ата-бабамыздан жалғасып келе жатқаны ақиқат. Бүгін осынау үрдісіміз жаңаша сипат алып, құлашын кеңге жаюы уақыт талабы. Нақ қазіргі таңда оңтүстік өңірлерге көшу үдерісіне үлкен қолдау қажет. Өйткені демографтардың сөзіне сенсек, 2050 жылға қарай солтүстіктегі халықтың саны миллион адамға қысқарып, тұтас ауылдар жойылып, иесіз қалу қаупі бар. Статистиканы сөйлетер болсақ, бір ғана Солтүстік Қазақстан облысының 38 ауылы санаттан шеттеп қалған. Осы қарқынмен жалғаса берсе 118 ауылдың болашағы бұлыңғыр. Оңтүстік өңірлерде керісінше халық санының тым көптігі әлеуметтік өткір мәселелерге алып келуде. Яғни, тұрғын үй салатын жер кезегінің жылжымауы, жайылымды жерлердің азаюы және өзге мәселелер алдымыздан шықты. Енді не істемек керек? Әрине, солтүстікті игеру керек. Үкімет осы бағытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, қоныс аударған азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер қарастыруда. Осындай болжамға сүйенген Үкімет табиғи көшті оңтүстіктен солтүстікке бұрып отыр.


Әлемдік тәжірибеге сүйенсек экономикалық өсім халықтың шоғырлануы жоғары аудандарда ғана орын алады екен. Бұның астарында геосаяси бағыт жатыр. Ел астанасын Алатаудан Арқаға ауыстыруда осындай мүдде жатыр. 1989 жылғы санақ нәтижесі бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында славян ұлтының үлес салмағы 70-80 пайызды құраған болса, 1999 жылы олардың үлес салмағы 50 пайыздан аспайтын­дай дәрежеге жетті. Бұл жетістікте Елорданың үлесі айқын. Енді солтүстік облыстарда еңбекке қабілетті адамдардың үлесін арттыру міндеті тұр. Себебі индустриялық аймақтар құрылып жатқан солтүстік облыстарда жұмыс жасайтын еңбек ресурсының тапшылығы қазірдің өзінде байқалуда. Әлбетте, бұл жергілікті тұрғындар санының азайып бара жатқанының салдарынан болып отыр. Себебі солтүстікте шағын ауылдар біртіндеп қаңырап, жұмыс күшінің азайғаны қазірдің өзінде сезілуде. Сондықтан солтүстік облыстарға қоныс аударған ағайынға мемлекет­тік қолдау түрлері арттырылуда. Теріскейдегі демографиялық ахуалды ішкі көші-қон арқылы реттеу Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтауға, ұлттық салт-санадан ажырамауға, тіл мәселесінің оң шешілуіне ықпал ететіні белгілі. Осы мақсатта, алғаш «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында тұрғылықты халқы сиреп, жұмыс күші азайған солтүстік өңірлерге ел-жұрты тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан тұрғындарды көшіріп, қажетті жағдай жасау жұмыстары басталды.

Әсел РЗАЕВА
13 ақпан 2024 ж. 195 0