№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Мұқағалидың Музасы болған өлең мен жыры, әсерлі әні күллі қазаққа танымал. Сәулелі сөздің киесін арттырып, әрбір өлеңіне ажар берген асқақ ақынның өлеңі өз алдына бір әлем. Ақын рухын ұлықтап, өнеріне құрмет көрсету мақсатымен және рухани жұтаңдаған қоғамға бір серпіліс сыйлау мақсатында "Қыран" негізгі орта мектебінде "Мұқағалидың мәңгілік музасы" тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.
Мектептің барлық оқушысы ақынның өлеңдерін жаттап, әуезді әндерінен шашу шашты. Іріктеуден өткен көркемөз оқушылары әдеби кеш барысында бақ сынады. Ал, 5-6 сынып оқушылары адамзат пен табиғатты тебірене суреттеген "Аққулар ұйықтағанда" поэмасына және "Жетімдер монологына негіздеп көрініс құрды.

Салтанатты шарағаЖаңақорған Қоғамдық Даму Бөлімінің басшысы Әбілғазы Берденұлы бастаған руханият қолдаушылары арнайы қатысып, құрметті қонақ болды. Әдеби кеш ұйымдастырушы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дошан Ханзада, Береке Әбшенова.

Ақиық ақын көзі тірісінде

"Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз, кету үшін келгенбіз"

деп жырлағанындай, өзі өлсе де өлеңі өлмеген, мәңгілік мұрасымен жасай беретін ақынның бүгінгі ұрпақтары оны осылайша сағына, жырлай, жылай еске алды...

10 ақпан 2023 ж. 211 0