«Мұқағалидың мәңгілік музасы»
Әдеби ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өткір өлеңдері, жауһар
жырларын жиналған қауымға кеңінен насихаттап, жастарды
патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Мұқағали «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне
қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық
пен мұңға тұнған махаббатты жырлай білген ақиық ақынның
кешіне келген қауым ерекше әсерге бөленді. Осылайша өмірі өлең, өлеңі
өмірге арналған мұзбалақ ақынның ерекше сезім мен сырға толы өмір
жолын оқушылар жырға қосып, өдеңдерін жатқа айтып, жүректі
тебірендер көріністі сахналады. Атап айтсақ, 7-сыныптың тәрбиешісі
Мәден Айнұр ақынға арнау арнаса, 5б-сынып оқушылары «Аққулар
ұйықтағанда» көрінісін сомдады, 1 сынып оқушылары Қожан
Аяна, Омар Айжұлдыз, Ришатұлы Аңсар, Әбілпейіс Айсұлтан, Ғани
Нұршашқан атты бүлдіршіндер бір елдің мұрасындай болған
ақынның сарқылмайтын шабыт
пен сағынышқа толы жырларын
тебірене оқыды. Сондай-ақ әдеби
кеште «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»
атты ақынның кітап көрмесі мен
ақын шығармасы, өмірбаянынан
сыр шертетін туындылары көрермен
назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, Әбілпейіс Байсал
ақынның «Отыздан асып барамын»
әнін шырқаса, тағы бір топ жас
өрен Рамазан Аяулым, Серік Ардақ,
Алпысбаев Мерей, Пернебек
Асхан, Сәбит Кәусар, Алайдар Інжу,
Пірмаханова Інжу, Махмуд Гүлсезім,
Раматулла Аяна, Серікбай Жания,
Серікбай Адиля, Оразбек Алинұр,
Қанат Айша әдемі әннен шашу
шашып, жиналған қауымды бір
серпілтіп тастады.
Осылайша қазақ поэзиясының
алыбына арналған шараны
тамашалауға келген жұртшылық
ақын өлеңдерімен сусындап қайтты.
Кеш соңында жиналған жұртшылық
ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін
қосыла шырқады.
Ботагөз БЕКМАХАН