Әр өлеңі – бір әлем 9 - ақпан - қазақтың ақиық ақыны
Кент орталығындағы «Арман» мәдениет үйінде Мұқағали
Мақатаевтың «Әр өлеңі бір әлем» атты поэзия кеші болып өтті. Поэзия
кешінде Мұқағали Мақатаевтың өлең оқылды, ақынның сөзіне
жазылған әндер шырқалды. Әрбір ән, әрбір өлең шумақтары тыңдарман қауымның жүрегіне жетті.
Көрермендер Мұқағалидай ақынның шығармаларынан, туындыларынан,
өзіне қажетті тәлім-тәрбие, үлгі- өнеге алды.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы
облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Оның
ақындығының көкжиегі «Поэзия» өлеңін мектеп жасынан оқыдық.
«Поэзия менімен егіз бе едің Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
Сені іздедім.
Іздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
Осы өлең жолдарын оқыған кезде
алып жырдың жаратылысының жаңа
қыры мен сипатын танығандай күй
кешесіз.
Ақынның заты өлгенмен,
аты өлмейді. Ақын негізгі жыр-
жинақтарын көзі тірісінде жарыққа
шығарды. Өз заманында лайықты
бағасын ала алмаса да, өзінен
кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық
ақын Мұқағали Мақатаевтың «Тағы
да күз», «Суық күз», «Санаулы күн»,
«Шәмілге хат» сынды шығармалары
бүгін де өзекті.
Бүгінгі кеште әнші Нұрлан
Дүйсебаевтың орындауында ақиық
ақынның сөзіне жазылған «Күрең
күз», Мажит Әсемнің орындауында
«Есіңе мені алғайсың», Шыңғыс
Мырзалының орындауында
«Сәби болғым келеді», Жанел
Әбдіқадырдың орындауында «Аңса,
жаным», Темірханның орындауында
«Сенің көзің», «Жарығым-ай», Рашид
Ертаевтың орындауында «Бақытым
деп жырлайды» атты әндер
орындалды.
«Бесік басында» атты көрініс
көрсетілді. Бұл көрініс барысында
«Бұлқынып жатыр,бостандық берші
ботама» шығармасын Ханзада
және Балнұр атты өнерпаздар
сахналады. Көріністе ананың балаға
деген сүйіспеншілігін, мейірімін, ана
жүрегінің балаға деген махаббаты
бейнеленді.
Поэзиялық кешке келген
қонақтар қатарында Б.Үсейінова,
И.Нарзілдаев, Е.Қалдыбеков,
Б.Шалабаев, Ш.Ашимов сияқты
поэзия сүюші қауым болды.
Поэзия кешінде аудандық
мәдениет бөлімінің басшысы
Әбілқайыр Сыздықов қорытынды
сөз сөйледі. Поэзия кешінің қадірлі
қонағы өз сөзін қорытындылай келе,
өзінің өлең шумағын тарту етті.
Ақнұр Жолдасбек ова