№39 (8750) 18

18 мамыр 2024 ж.

№38 (8749) 14

14 мамыр 2024 ж.

№37 (8748) 11

11 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды

Қазақстанның Ішкі істер министрі тағайындалды



Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды akorda.kz.

Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы туған. 1993 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. Аға жедел уәкіл, бөлімше, бөлім, басқарма бастығы сынды лауазымдарды атқарды. Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары болды. Ақмола облысының және Астана қаласының полиция Департаментін басқарды. 2022 жылдың  қаңтар айынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Ішкі істер министрінің орынбасары болды. 2023 жылдың 2 қыркүйегінде Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалған еді.   
06 ақпан 2024 ж. 111 0