Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ІІМ жаңа басшысы тағайындалды

ІІМ жаңа басшысы тағайындалды



Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызмтінен.
Полиция генерал-майоры Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. 1993 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Әр жылдары ШҚО-да ішкі істер саласында басшылық қызметте болған, одан бөлек Өскемен қаласы ІІБ-нің бастығы, Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары, ІІМ "Р" департаментінің бастығы, көліктегі ІІД бастығы, Ақмола облысы және елорданың полиция департаментінің бастығы сынды лауазымды қызметтер атқарған. Сондай-ақ, мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылған болатын.
03 қыркүйек 2023 ж. 325 0