№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бекзат баспаналы болды

Бекзат баспаналы болды


Халқымыз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай кезде де, ел басына күн туса да, бала көңілін бірінші орынға қойған. Оны шаттыққа бөлеу, риясыз күлкісін тамашалау – ең сауапты іс емес пе? Қолдың қысқалығы мен қалтаның жұқалығы жақсы өмір сүруге кедергі келтіретіні рас. Жаны жомарт, қайырымды жандардың көмегінсіз тұрмысы төмен, қолдаушысы мен сенері жоқ адамдардың қазіргідей баспана бағасының аспандап тұрған шағында жеке меншік шаңыраққа өз күшімен ие болуы екіталай. Алайда бақыттың күтпеген жерден келетіні сынды, аяқ астынан қол ұшын созып, көмекке мұқтаж жандардың тілегін орындайтындар да өмірде кездейсоқ кездесуі бек мүмкін. Міне, осындай қамқор жандар үйі жоқ ауданымыздағы Бекзат Шымтеміров пен Жақсыгүл Құлмаханованың отбасын қуанышқа кенелтіп, құтты қонысына кіргізді.

Ауданымызда көп балалы отбасы Бекзат Шынтеміров пен Жақсыгүл Құл­­­маханова бірнеше жылдан бері тұр­мыстың тауқыметін тартып, отағасы мен ортаншы қызы сырқаттанып, үлкен сынақтан өтіп келеді. Өзім әлеуметтік қызметкер ретінде бұл отбасыны қанша жерге апарып, біршама басшылық­тың алдынан өткіздім. Әрқайсысы шама шарқы жеткенше көмек қолын созып, демеу көрсетіп жүрді. Жаңақор­ған аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Мажитовке де бұл отбасыны апардым, арнайы үйіне де барып көрді, қолынан келген көмегін аямады. Арман Әбілпейісұлы қалайда осы отбасыға үй әперуге ниеттеніп бір емес, бірнеше азаматтарға хабарласып, осы отбасын аяққа тұрғызудың жайын ойлап, біраз жүгірді. Содан елімізге белгілі блогер Рысбала Икрамбайға мән-жайды айтып қолқа салған екен. Армандай азамат­тың өтінішін жерге тастамай үлкен үй әперді. «Келісті атаның жолы – кейінгіге үлгі» – демекші, жақсы істі жаңғыртып, жалпының жа­нын жадыратқан Рысбала қызымыздың жобасы ағайынның ара­сын нығайтуға, әлсізді демеуге үлкен себепкер, ел арасына тың ой салған игілікті іс болғаны анық.
Қыстың көзі қырауда құтты қо­ныс бұйырып, қуанған Бекзат пен Жақсыгүлдің қуанышымен Арман да бөлісті. Жылы ұяға жайғасқанына ең әуелі Жарат­қанға шүкіршілік етеді. Әрине, ауыл­дың ардақты азаматтары да әрдайым қолғабыс етіп, қызының еміне, үйдің керек-жарағына жәрдем етіп келеді. Атап айтсам, Қоғамбек Бисенбиев, Ұланбек Тәжденов сынды азаматтар үнемі қолдап жүргенін айтпасқа болмайды.
Міне, қиындығы көрген түстей. Бүгін көрсе көз тоятынтай үлкен үйі бар. Үйдің іші толықтай соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталған, барлық керек-жарағымен қамтамасыз етіпті. Төрт баласының бөлмесі кең, арнайы кереуеттері бар, сабақ оқуларына да ыңғайлап қойыпты. Бірнеше жылдан бері тағдырдың тауқыметін тартып отырған отбасы енді көңілдері жайланып, көз жастарына ерік берді. Әрине, куаныш­тың көз жасы бұл. Қуанбай қайтсін, Ал­ла сәтін салып, балаларының несібесіне баспаналы болып, қуаныштары еселе­ніп жатыр. Тіпті, отанасы Жақсыгүл әлі түсім секілді дейді. Осы күнді ұзақ күткен үй иесінің қуанышында шек жоқ.
– Әр отбасының басында баспана­сы болса – бақытты. Менде осы ба­қытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен барша халыққа, осы үйді алуға атсалысып жатқан ағаларымызға-апаларымызға көп-көп рахмет! Бүгінде баспанаға ие болып отырғаным осы көрінген төрт баламның несібесі болар деп шексіз қуанып тұрмын. "Не берсе де, берекесімен берсін" дейтін халықпыз ғой. Шынымды айтсам, қатты толқып тұр­мын. Өте қуаныштымыз, балаларым­ның жүздеріндегі күлкіні көріп, көңілім орнына келді. Біздің жағдайымызды түсініп, жөн сілтеген өз­деріңізге және Арман Мәжитов ағама алғысым шексіз. Үйге келген сайын бізді демеп, қолдап, барынша көмектесті. Одан біздің жай­ымызды қаншама жерге жеткізді, қаншама қорды үйге алып келді. Әр келген сайын «Ең әуелі Алла ғой, тек Алладан ғана көмек күтіңдер, үміт етіңдер, күндіз-түні дұғада болыңдар. Алла өзі-ақ үйлеріңе ертіп келеді» дейтін. Расымен Рысбала Икрамбай үйге кіріп келгенде, өз көзіме өзім сенбедім. Арман ағамның жүгіруімен, Рысбала әпкемнің қолдауымен, көптің тілегімен үйлі болып жатырмыз, алғысым шексіз, – дейді көпбалалы ана.
Иә, осы отбасының үйлі болуына барша халық риясыз қуанып, ата-енесі, туған-туыстары мен көрші қолаңы тү­гел тілеулестік білдіруде. Әсіре­се, аналары Венера Шынтемірованың алғаусыз ақ тілегі көңілге қуаныш сыйлады.
– Халқымыздың осындай кең пей­іліне, көпшіліктің қамқорлығына риза­шылығым шексіз. Арман балам осы перзенттерім­нің жағдайына қарасып, қаншама есікті қақты, бәрін білемін. Енді міне Рысбала қызыма қолқа салып, қайта-қайта айтып жүріп, үлкен баспанаға кіруіне себепші бо­лып жатыр. Өзіне рахметтен бас­қа айтарым жоқ, жақсылығы Алладан еселеп қайтсын. Ақ жаулықты ана ретінде әрдайым тілекшімін, – деп көзінің жасына ерік берді.
Ананың қуанышы орынды. Ізгі іске ұйытқы болған азаматтар бас­пана­лы болған отбасына жақсы тілек­терін айтып, қуаныштарымен бө­лісті. Белсен­ділік танытқан жақсы адамдардың арқасында талай жыл пәтер жағалап жүрген отбасының енді өз баспанасы бар. Елдің алдында жүрген Рысбала Икрамбай еліміздің барлық аймақтарында қайырымдылық ісі­мен белсенді айналысып келеді. Әлі де талай отбасының қуанышына ор­тақ­тасарымыз анық. Рысбаланың ко­ман­дасы республика бойынша мұқтаж отбасыларды анықтап, жан-жылуын сыйлап жүр. Біз де оларға тілектеспіз.

Гүлбану Шахатова,
Кент әкімдігінің әлеуметтік қызметкері
Қамбар Садықов

03 ақпан 2024 ж. 367 0