№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тағы бір отбасы баспаналы болды

Тағы бір отбасы баспаналы болды


Ата-бабамыз ешқашан бауырын қаңғытып, жетімін жылатпаған. Намысшыл, бауырмашыл, кең пейілді қазақтың кез келген нәубетті бірлесе жеңгені тарихтан белгілі. Осындай игі істердің ізін жалғау бүгінде біздерге аманат. Олай деуге себеп те жоқ емес. Бір жылдан аса қайырымдылықпен айналысуды қолға алған астаналық кәсіпкер дизайнер Гулнара Қасым Жаңақорғандық екі отбасынының баспаналы болуына себепші атанды.

Өзім «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қорымен тығыз байланыста жұмыс жасаған соң қордың әр мәселесін, көмек сұрай келген жандардың мұқтаждығын талқылауда жігіттермен бірлесе іс атқарып келемін. Тұрғынүй тауқыметін тартып, алақандай жерді паналаған қаншама отбасы қордың қайырымдылығының арқасында баспаналы да болды. Осындай баспаналы болғысы келген жандардың бірі – жалғызбасты ана Айнагүл Абдрасилова болатын. Бір жылға жуық жанашыр халықтан жиналған жылудың арқасында ер жетіп отырған ұл-қызы бар Айнагүлге бүгін өз үйінің кілті табысталды. 
Сауабы мол іске ұйытқы болған Гүлнара Қасым былтырғы жылы қайырымдылықпен айналысуды қолға алғанын, осы жақсылығын бірінші жаңақорғандықтар көрсе деген ниетпен менен үйге мұқтаж бір отбасын көрсетуді өтініп еді. Содан аудан тұрғыны, сегіз балалы Игорь мен Ринатаның шаңырағында болып, жағдайымен танысты. Артынша, «қуанса бала қуансын» деген ниетпен қазақ елінен жылу жинау басталып кетті. Көп ұзамай Игорь мен Рината Алтынсарин мөлтекауданынан  баспаналы болды.  Ал биыл Айнагүл Абдрасилова өз құтханасына кіріп, қоныс тойын тойлады.
Мұны ұйымдастырған кәсіпкер Гулнара Қасым халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күндіз-түні дамылсыз еңбек етті. Нәтижесінде  бір адамның айтқанына еріп, соған білек сыбана кірісіп, қолынан келгенін аямау – жанашырлықтың белгісі деп білген жандар қолдарынан келгенін аянып қалмады.
Қазақтың ынтымағын көрсететін, бірлігіне бастайтын, мейірімділік танытатын мұндай жақсылық кез келгеннің қолынан келеді.

Арман Мәжитов,
«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
27 ақпан 2022 ж. 325 0