ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ 100 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ
Аз қамтылған көп балалы 100 отбасы "Болат Өтемұратов Қоры" Жеке қорының демеушілігімен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
2019 жылы 31 мамырда Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғын үйге мұқтаж аз қамтылған көп балалы тұрмысы төмен отбасыларға жаңа баспана кілттерін табыстады.
"Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Болат Өтемұратовтың Жеке қорының демеушілік қолдауымен тұрғын үй салу туралы меморандумға қол қойылған еді. Нәтижесінде қор қаражаты есебінен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылады", - деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Айта кетейік, тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 70 мың теңгені құрайды. Үйлердің құрылысы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай рекордтық уақыт ішінде 2 айда аяқталып отыр.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 2246 көпбалалы отбасы тұрғын үйге мұқтаж.