«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тазалыққа бей жай қараған айыппұл арқалайды

Тазалыққа бей жай қараған айыппұл арқалайды



Кенттің келбеті ең бірінші тазалығынан көрінеді. Келген қонақ әуелі тазалыққа мән беретінін ескерсек, шүкір, соңғы жылдары кент келбеті келісті көріне бастады, әсіресе көшелер көркі кіріп, мұнтаздай тазалыққа тұрғындар сергек қарап, сәнін келтіре бастады. Дей тұрғанымен, кентте 5000-нан аса тұрғын үй болса, оның 28 тұрғын үйі ғана қалдықтарды тасымалдау қызметімен келісім шарт жасасып, бірігіп жұмыс жүргізуде. Яғни, кент тұрғындарының 0,38 пайызы ғана ауласындағы қоқысты дер кезінде шығарып отыр деуге болады.
Ал, бағасына келетін болсақ аудандық маслихатының 2023 жылдың 27 шілдесі күні №56 шешімімен халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тариф айына адам басына 115,33 теңге болып бекітілген. Бірақ, тұрғындар келісім шарт жасауға немқұрайлылық танытып, селсоқ қарауда.
Құрметті, кент тұрғындары туған жердің төл перзенті ретінде тазалыққа ден қойып, үлкен жауапкершілік таныту әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Тазалықты төріңізден түсірмеуге, ертеңгі ұрпақ, өскелең өрендер сіз бен біздің істеген ісімізден өнеге алатынын ұмытпауымыз керек.
Жүрген жолымызбен жүреді, ең болмаса ұрпақты тазалыққа үйретейік, қалғанын қоғам болып қалыптастырып аламыз. Жаңақорғанның жаңа келбетіне кір келтіріп алмайық, қайта келбетін тазалығымен түзейік. Бұл әрбіріміздің басты міндетіміз. 
01 ақпан 2024 ж. 199 0