№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент тазалығы басты назарда

Кент тазалығы басты назарда


Кенттің келбеті ең бірінші тазалығынан көрінеді. Келген қонақ әуелі тазалыққа мән беретінін ескерсек, бүгінде кенттің кейбір көшелері күл-қоқысқа айналуға жақын қалғанын аңғару қиын емес. Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы осы мәселені қатаң бақылауға алып, нақты міндеттер жүктеді. Апта басынан бері кент әкімдігінің қызметкерлері мен қоғамдық негізде жүрген азаматтар бірлесе отырып, тазалыққа тік тұрып кірісті. Саяжай, Шанхай, Ипподром мен МАИ бекеті аумағын нысанаға алған қызметкерлермен пікірлесіп көрдік.


Әсілі қазаққа тазалық мәдениетін қалыптастыруды ешкім үйреткен емес. Табалдырығынан бастап төріне дейін таза болуды ұрпағына өнеге еткен текті ұрпақтанбыз. Ол рас, тектің тазалығы, туыс-туғанның татулығындағы тазалық, барлығы қазақтың асыл қасиетінде, қанында бар. Тек қоғам тазалығында жіберіп жатқан қателігіміз өте көп. Күнделікті күйбең тіршілігімізде де жиі көреміз. Басқасын айтпағанда Саяжай аумағы полигон орталығына айналғандай. Кент тұрғындарының барлығы қоқысын сонда апаратын секілді. Қоқыс тастайтын арнайы орын мен тазалыққа жауапты мекеме барын кейде ұмытып кетіп жатамыз.
Асқар Ибрагимов басқаратын кент әкімдігі қызметкерлерінің ісін бақылап, сөзге тарттық. Үнемі басы-қасында жүріп, ақпарат таратып жүрген баспасөз хатшысы Берік Атахожаев: «Соңғы жылдары кент келбеті келісті көркейіп, әсіресе көшелердің көркі кіріп, мұнтаздай тазалыққа тұрғындар сергек қарап, сәнін келтіре бастады. Алайда, мұнымен таза болып кеттік демейміз, бұл мәселеге қырын қарайтындар көп. Жаз басталмай жатып, кенттің кейбір аумағы адам жүруге нанғысыз. Әсіресе, оқушылар жүретін жолдарды ластап, балалардың санасын жат қылыққа итермелеп келеміз. Бұл өте қате, мәселен, орталықтағы №169 орта мектепке барар жолдағы жолдың келбеті тым кірлеген. Шанхай беттен қатынайтын оқушыларға үлгі көрсете алмай жатырмыз. Саяжайдағы көрініс те көріксіз» деп нақты айтты.
Кеше әкімдік қызметкерлері мен тұрғындар бірлесе жүріп, лас аумақтың барлығын күл-қоқыстан тазартты. Ауаны ластап, экологияны қолдан жасап алмайық, ең бастысы, арнайы орындарға апара салсақ болғаны.

– Әрине, тазалық ең биік ұстаным болуы керек заңдылық екені рас. Дегенмен, осы бір қасиетке келгенде қырын қарап жататынымыз өкінішті. Ол үшін әуелі сана тазалығы керек. Сосын барып, тазалықты төрге оздырамыз. Сондықтан, кент тұрғындары ғана емес, аудан жұрты тазалық мәселесіне үлкен мән беру керек, – деді көп балалы Толқынай анамыз.

Иә, туған жердің төл перзенті ретінде азаматтық борышыңыз болсын, тазалықты төріңізден түсірмеңіз. Өйткені, ертеңгі ұрпақ, өскелең өрендер сіз бен біздің істеген ісімізден өнеге алады. Жүрген жолымызбен жүреді, ең болмаса ұрпақты тазалыққа үйретейік, қалғанын қоғам болып қалыптастырып аламыз. Жаңақорғанның жаңа келбетіне кір келтіріп алмайық, қайта келбетін тазалығымен түзейік. Бұл әрбіріміздің басты міндетіміз болса игі. Қалғаны уақыт еншісінде.

Жасұлан Сейдеметов
06 наурыз 2023 ж. 241 0