Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Табыстың кілті – талғамда

Табыстың кілті – талғамда


Инстаграм желісін ақтара отырып шағын кәсіптің шырайын келтіріп отырған Самал есімді нәзік жан иесінің еңбекқорлығына риза болдым. Бірден парақшасын ашып қарасам, мекен-жайы Жаңақорған ауданы деп тұр. Анықтап қарасам, қарапайым ғана көпбалалы ана инстаграм парақшасына компьютерлік қызметтің біршама түрімен кәсібін дөңгелетіп отыр екен. Содан қызығушылығым артып, дереу Самал Шаметовамен сұқбаттаса кеттім.


– Самал Ағманқызы “қалауын тапса қар жауар” деген сөз секілді заманауи сұранысқа ие адамдарға қаратып айтылған секілді. Өзіңіз көпбалалы ана бола тұра, осынша қызмет түрін қайдан үйрендіңіз?
– Алланың берген 6 аманатының анасымын. Үлкенім 1 курс студенті, ең кішкентайым 1,5 жасар. Осы шағын бизнесімді бастағаныма биыл 4 жыл болады. Алла өзі бәрін реттеп қояды екен ғой. Алғашында қалада "Шұғыла" атты үлкен балабақшада көмекші, одан кейін тәрбиеші болып жұмыс жасадым. Тәрбиеші болып жүргенде көптеген көрнекілік керек болатын. Интернет дүкенге көрнекілік жасатуға барғанда қалай жасап жатқанын көріп алып, үйде интернет болмаса да компьютерімнің ішіндегі бар суретпен күндіз көргенімді қайталап жасап көретінмін. Олар қай клавишаны басып жатқанын көрсетпейтін, тез-тез қимылдайды ғой. Қарап отырып, жаттап алатынмын. Одан ауданға көшіп келгеннен кейін де балабақшаға жұмысқа орналастым. Табиғаттың заңы ғой, 2017 жылы декретке шығып, одан 6 айлық қызымды анама қалдырып компьютерлік қызметке еңбек ақысы 100 - ге 30 пайызбен жұмысқа кірісіп кеттім. Яғни 1000 теңге жұмыс жасасаң, соның 300 теңге аласың. Қазір айтсам, елдер сенбейді. Солай сол жерден тәжірибе жинадым. Одан екінші бір компьютерлік қызметке 40 пайыз беретін жерде де бір жылға жуық жұмыс жасап, декретке шықтым. Бұл 2019 жыл еді. Қазан айында анам өмірден озғаннан кейін, жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Инстаграм парақшасын қарап отырып, тегін үйретем деген сабаққа тіркелдім. Сол жерде алған біліміммен парақша ашылып, әрекет етіп көрейін, болса болды. Болмаса да тәуекел деп кірістім. Әуелі “Лента жас түлек” дегенді қолға алып, тәуекел еттім. Парақшамның атауы солай қалыптасып кетті. Қазір кішігірім “БРЕНД” қалыптасты. Сонда сол 10 күн ішінде инста арқылы табыс табуға болатынына көзімді жете түсті. Одан елде карантин режимі орнап, мұғалімдерге слайд керек болып, маған хабарласа бастады. Содан түрлі тақырыптарда слайд, видео монтаж жасап, карантин онлайн жұмысты жылдамдатты.
– Мемлекеттен қандай да қолдау болды ма?
– Көпбалалы ана ретінде маған алуға болаты­нын естіп, өзімнің кәсібіме сай бизнес жоспарым­ды жазып шықтым да, комиссия алдында қорға­дым. Солай мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, жаңадан компьютер, принтер, резак, ламинатор алдым. Оны үйден жасау тиімсіз болғандықтан, орталықтан арендаға офис алып, қазір соны дамытып келем.
– Еңбегінің еленіп, сұраныстың артуы шеберге шабыт беріп, жан-жақты ізденуге жетелейді ғой. Кәсібіңізге сұраныс жағы қалай?
– Мемлекеттік грант маған үлкен мүмкіндік болды. Қазір, Аллаға шүкір кәсібім бір арнаға түсіп, күнделікті табыс, балаларымның несібесіне келіп жатыр. Инстаграмды дұрыс қолдану арқылы, басқа қалалардан да тапсырыс аламын. Бүгінде өз парақшамда кәсібімді жүргізумен қатар, өзгелерге де инстаграм арқылы табыс табуды үйретіп келемін. Бәрі де адамның пейілі мен ынтасына байланысты екен. Егер адам дамуға, өзгеруге қадам басса алынбайтын қамал жоқ. Шүкір, ойым өзгеріп, өмірім де өзгеріп жатыр.
– Алдағы уақытта қандай мақсатыңыз бар?
– Қазір білімдінің заманы. Қай саланы алсаңыз да, компьютерлік сауаттылық керек. Сол себепті де, сұранысқа қарай өзім білгенді өзгелерге де үйретсем деген жоспарым бар. Шүкір, еңбегім еленіп, 2022 жылы "Көшбасшы ана" деп іс-шараға шақырды. 2023 жылы "Құрметтеуге лайық жан" жобасы бойынша аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. Ендігі мақсат, ауданда жоқ боп тұрған, лента басып шығаратын аппарат алу. Лента – тек мектеп оқушыларына емес, аудандағы көп кәсіп иелеріне керек. Себебі бәрі “жеке брендке” жұмыс жасайды.
Міне, тірлігінен береке тапқан Самал Ағманқызы ырыстың еңбекпен келетін тілге тиек етті. Расында да, Самалдың әлемі ерекше әдемі. Ол кәсібін дөңгелетіп, бүгіннің жаңалығын жанына дарытып, шаңырағында шаттана отырып табыс тауып отырған ісмер жан.

Әсел РЗАЕВА
30 қаңтар 2024 ж. 160 0