№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Sanzhar Mebel» – жиһаздың төресі

«Sanzhar Mebel» – жиһаздың төресі


Қолынан іс келетін кісіге мемлекет тарапынан қолдау тетігі көп. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында несие, грант алып шағын кәсібін өрге дөңгелетіп отырған жерлестер жетерлік. Оның ішінде Жаңақорған ауданында соңғы 5 жылдың ішінде өнім өндіруде көрсеткіш өсіп, нәтиже көңіл қуантарлықтай. Жаңа өндіріс саласындағы жастар аз емес. Соның бірі – «Sanzhar Mebel» жиһаз өндірісіне арнайы барып, заманауи жиһаз жасаудың тыныс-тіршілігімен танысқан едік.


Үйінің ауласынан кірген сәттен-ақ, кәсіп иесінің іскерлігін сезіндік. Келген мейманның көз жауын алатындай тазалық пен ұқыптылықтан-ақ кәсіп иесінің әр ісіне деген жауапкершілік байқайсыз. Шағын шеберханасындағы қызу тіршіліктен халықтың сұранысын бағамдадық. Ол осы аулада 4-5 жыл бұрын кәсібін бастапты. Бұл туралы сөз бастаған кәсіпкер Санжар Шайын:

– Жиһаз өндірісіне қызығушылығым басым болды. Негізгі мамандығым құрылысшы, осы мамандықпенен 3 ай ғана жұмыс атқардым. Сол кезде өзімнің жеке кәсібімді ашу керектігін түсіндім. Әрі осы кәсіптің қыр-сырын терең білу үшін тәжірбиелі өндіріс ошақтарын аралап, ізденіс жолына түстім. Ақылы курстарға барып оқып, кәсіпкерлікті дамытуды, жаңа дизайндарды өндіріске қолдануды, есеп-қисап, тұтынушы тарту жолдарын тағы да басқасын өз бетімше іздену арқылы жолға қойдым. Міне, шағын сарайда бастаған кәсібім елге танылып келеді. Әлеуметтік желі арқылы жарнаманы өзім жүргіземін. Бүгінде Шымкент, Түркістан, Алматы, Тараз, Қызылорда қалалары аралығында тапсырыс қабылдап отырмын, – деді ол.

Алғашқыда 5 млн теңге қаражатты несиеге алып, бір ғана бригадамен бастаған бизнестің көлемі артты. «Sanzhar Mebel» жиһаз өндірісінде қазір 3 бригада қызу жұмыс атқаруда. Бір бригадада 1 ұста, 1 көмекші бар. Өзімен қосқанда 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өндіріске қажетті материалдарды Шымкент қаласынан алдырып, кесіп-пішіп, құрау жұмысын атқарып отыр. Айына 15-20 тапсырыс түседі. Бір апта ішінде жұмысы аяқталып, үйіне дейін жеткізіп беру қызметін атқарады.
Жалпы Жаңақорғанда жиһаз өндірісі жақсы жолға қойылған. Яғни, бәсекелестік орта қалыптасып, сапа да артып келеді. Оны бүгінгі кейіпкеріміздің жұмысынан аңғардық. «Sanzhar Mebel» жиһаз өндірісінің инстаграмм парақшасына көз жүгіртіп көрген едік. Тапсырыс берушілердің жиһаз шеберлеріне деген алғысын жолдаған пікірлерге толы екен. «Дәл менің ойымдағыдай жиһаз!», «Рахмет, Санжар! Керемет дизайн үшін!» деген алғыс сөздерден-ақ, заманға сай өте көрікті әрі сапалы жиһаз өндірушілердің еңбегін ел бағалап отыр. Біз де жас кәсіпкердің игі бастамасына ақпараттық қолдау бергенді жөн санадық.

Мақпал МАРҚАБАЙ
15 тамыз 2023 ж. 198 0