№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тәрбиеші болу – бір бақыт!

Тәрбиеші болу – бір бақыт!

Балабақшада тәрбиеші балғынды өз қамқорлығына алып, оны жақсыға әуес болып, жаманнан жиреніп өсуінде бағыт-бағдар беретін тұлға. Жиырма жылдық тәжірибесі бар Зәмзегүл Жүсіпова сондай мақтаулы тәбиешінің бірі.
– Бір қарағанда тәрбиеші оңай мамандық болып көрінеді. Енді тәй-тәй басып, тілі былдырлап шыққан баланы қолымызға тапсырады. Біреу емес, ондаған сәби. Олардың көңілін тауып, ортақ тәртіпке ұйыстыру оңай іс емес. Міне, жауапкершілік тұрғысынан алғанда тәрбиешінің жұмысы күрделі әрі қиын деуге болады, – дейді Зәмзегүл апай.
Кейіпкеріміздің сөзінше, балаларды жалықтырмауы үшін сабақты ойын әдісімен өткенді құп көреді екен. Айталық, ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.
Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады.
Зәмзегүл апаймен сөйлесе отырып, тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес екенін ұқтық. Ол адам болып қалыптасудың баспалдағын қалыптастырушы, келешек ұрпақтың қоғамнан өз орнын тауып, айтар ойын еркін жеткізуге бағыт-бағдар беруші. Бұл сөзімізді №22 «Балдырған» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Күлжазира Искакова да растады.
– Біздің ұжымда абыройлы қызмет етіп келе жатқан Зәмзегүл Жусипова үнемі білім-біліктілігімен көзге түсіп келеді. Қолға алған ісін бітірмейінше тыным таппайтын еңбоққорлығымен ерекше. Бұл кісі тек тәрбиеші ғана емес, жан-жақты өнерімен ерекше. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Қолөнерімен көрнекілік құралдар дайындағанда таң қаласыз. Жалпы, балалар да, ата-аналар да Зәмзегүл апайдың адамгершілік болмысына риза, – дейді балабақша меңгерушісі.
Әсел РЗАЕВА
13 қараша 2021 ж. 480 0