» » Сыр өңірінде «AMANAT» партиясы депутаттарының аймақтық форумы өтті

Сыр өңірінде «AMANAT» партиясы депутаттарының аймақтық форумы өтті



Қызылордада «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І аймақтық форумы өтті. Формуда партияның «Халықпен бірге!» -деп аталатын сайлауалды бағдарламасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауының негізгі бағыттарын орындауда мәслихаттардағы фракция мүшелерінің алдында тұрған міндеттер талқыланды.
Форум жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының фракциясы мүшесі Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов, "Еңбек ері" Абзал Ералиев сонымен қатар облыстық, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары мен фракция мүшелері, облыстық басқарма басшылары, партия белсенділері мен «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Форумның ашылуында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов форум қатысушыларына аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.
Онда мәслихаттар институты биліктің өкілді органы ретінде уақыт өте келе жетіліп, жаңғырып, жаңа өмір шындығына бейімделіп отыратындығын атап өтілген. Сонымен қатар аймақ басшысы бүгінгі форум жұмысы мәслихат депутаттары үшін өз тәжірибесін шыңдау, әр түрлі әдістемелік кеңес алу, біліктілікті арттыру мен қатар депутаттар мен жергілікті атқарушы органдар арасында Сыр елінің экономикасын дамыту мәселелерін талқылау бойынша ашық диалог алаңына айналатынына сенім білдірген.
Мұнан соң Мәжілістегі партия фракциясының жаңа бағыттағы жұмыстары жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев кеңінен ақпарат беріп, фракция жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.
«Биылғы жылға көз жүгіртсек, партиямыз және аманаттық депутаттар маңызды оқиғалардың басында болып, іргелі істер атқарды. Атап айтсақ, партияның Мәжілістегі фракциясы есепті кезең ішінде қарқынды жұмыс атқарып, 22 заң жобасына бастамашы болды. Жалпы, 128 заң жобасы қарастырылып, 40 заңға Мемлекет басшысы қол қойды. 58 заң Сенатқа жолданды. Оған Фракция мүшелері 665 түзету енгізді. Үкіметке 210 депутаттық сауал жолдады. Онда қоғамды толғандырып отырған ең өзекті де көкейкесті мәселелер қозғалды. Олар тиісінше шешімін тауып жатыр. Біз – қоғамның талап-тілегіне құрметпен қарап, оларға құлақ асатын партияның өкілдеріміз. Сондықтан, өткен сайлауда халыққа берген уәделеріміздің орындалуын қадағалау – біз үшін өте маңызды. Бұл ретте жергілікті жерлерде де мәслихат депутаттары заң жобалары, депутаттық сауалдар, зерттеулер және азаматтарды алаңдатқан ең өткір мәселелерді батыл көтеріп, ашық түрде сын айтып, партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына маңызды рөл атқауры керек»,- деді Елнұр Бейсембаев.

Жалпы өңірдегі өзекті мәселелер мен орталық деңгейде шешілуі тиіс сұрақтар бойынша жергілікті фракция мен Мәжілістегі фракция мүшелері арасында жүйелі жұмыс жолға қойылған. Осы бағыттағы жұмыстар төңірегінде Мәжілістегі фракция мүшесі Мархабат Жайымбетов атап өтті.
Ал партия филиалының және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов партияның мәслихаттардағы депутаттық фракциялары мүшелерінің алдында тұрған міндеттер туралы жеткізді.
«Президентіміз әрдайым елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажеттігін атап көрсетуде. Бұл бастама мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтып, ел дамуына тың серпін беретіні анық. Осы тұста азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту жұмыстарын күшейткеніміз жөн. Себебі мықты мәслихаттар ғана - өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Бұл ретте халықтың сенім мандатына ие болған және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ісіне белсене атсалысып келе жатқан мәслихат депутаттарына жоғары жауапкершілік жүктеледі. Партия Фракциясы мүшелерінің алдында тұрған басты міндеттің бірі – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында көзделген – тұрғындармен тұрақты кері байланыс жасау. Партияның сайлауалды уәделерінің сапалы орындалуына жұмыс жасау деді Наурызбай Байқадамов.
Айта кетсек, Қызылорда облысында барлық деңгейдегі 152 депутаттық манадаттың 124-і «AMANAT» партиясының мүшесі. Олар биылғы жылдың 11 айында 390 қабылдау өткізіп, 1 мыңнан астам азаматты қабылдаған. Оларда 917- өтініш оң шешімін тауып 323 мәселе бойынша кеңес берілді.
Пленарлық отырыстан соң, форум жұмысы панельдік сессияларда жалғасты.Мұнда депутаттар сала-сала бойынша секцияларға бөлініп, өзекті мәселелерді талқылап, жұмысты жетілдіру бағытында білімдерін жетілдірді.
#AMANAT
15 желтоқсан 2023 ж. 285 0