№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өмір жолы теміржолмен өрілген

Өмір жолы теміржолмен өрілген



Қазақстан темір жолының тарихында өмір жолы осы саламен қатар өрілген жандар аз емес. Жаңақорған жұртшылығы тіршілігі теміржолмен біте қайнасып, темірдей тәртіпке бағынған Рзаевтар әулетін жақсы таниды. Себебі бұл отбасының барлық мүшесі ел экономикасының күретамыры саналатын күрделі салада еңбек етуде. Соның бірі де бірегейі құрметті теміржолшы ағамыз Абдулла Рзаев. Еңбек жолын сүйікті ісімен бастап, адал абыройлы қызмет атқару кез-келгенге бұйыра бермес бақыт.
1970 жылдан бастап теміржол саласында абыройлы қызмет атқарып, еселі еңбегімен ел ішінде сыйлы бола білген кейіпкеріміз нағыз істің адамы. «Адам баласы бір жағынан істеген кәсібімен, игерген мамандығымен көгереді» – деп, бекер айтпаса керек.
Жұмысына зор жауапкершілікпен қарап, өзіне жүктелген міндетті тиянақты орындай білген Абдулла Рзаев өмірін темір жол саласына
арнап өткен асыл азамат.
Мектеп бітіргеннен кейін еңбек жолын жол жөндеуші болып бастайды. Дистанция жолдамасымен оқып, 1975 жылы Алматыдағы теміржол
техникумын бітіреді. Қайтып келіп, бригадир болып жұмыс істейді. Ол кезде қазіргідей жол жөндеу кешені жоқ. Жұмыс қол күшімен атқарылатын. 1980 жылы ұзындығы 24 шақырым «Жайылма-Жаңақорған» 26 разъезд аралығын қамтитын учаскенің жол шебері болып тағайындалады. Міне, осы сәттен бастап оның өмірінде қызметтегі қарбалас тіршілік басталып кетеді.
Сөйтіп, 1987 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін учаске бастығы болып абыройлы қызмет атқарады. Жоғары кәсіби біліктілік, күрделі мәселелердегі күрмеулі тұстарды шебер шеше білуге қабілеттілік, еңбеккерлерге, айналасындағы әріптестеріне деген сыйластығы, көпшілікпен жақсы тіл табыса білетіндігі назардан тыс қалмай, ілтипатқа бөленіп, осылайша учаске бастығына тағайындалуына себепші болады.
Темір жол саласындағы еселі еңбегі еленіп, ел теміржолының өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін «Құрметті теміржолшы», «Қозғалыс қауіпсіздігінің үздігі» төсбелгісімен марапатталады.
Отбасы құру – ер азаматтың асыл парызы. Абдулла Рзаев бұл борышын да бұл-жытпай орындады. Жан жары Анармен көңіл жарастырып, шаңырақ көтерді. 40 жыл тату-тәтті ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар Меруерт, Ақерке есімді қыздарын тәрбиелеп, немерелерінің қызығына бөленді.
Ат тұяғын тай басар деп дегендей, үлкен қызы Меруерт Қызылорда жол бөлімшесінде жауапты қызметте. Үлкенге ізетті іні, жасы кішіге
қамқор аға бола білген кейіпкеріміз үнемі өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, ақыл-кеңесін айтып, ізінен ерген әріптестеріне өмірлік тәжірбиесінен
ақыл-кеңес айтудан жалықпаған, нағыз өзінің мамандығын құрмет тұтқан азамат еді.
«Сүйіп істеген іс шаршатпайды» деуі де содан болар, ынта-ықыласын жаны қалаған жұмысына аударып, маңдай термен еңбек етуге дағдыланған. Оның адамгершілігін қанағат пен шүкіршілікке негізделген имандылықтың, парасаттылықтың белгісі деуге лайық. Осылай өмірін теміржол саласына арнаған ардақты азамат 2019 жылы өмірден өтті.
Осындай тау тұлғалы азаматқа туған жерінен көшенің атын беріп, есімі ел есінде мәңгі сақталса нұр
үстіне нұр емес пе?
Түйіндей айтқанда, теміржолшылардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайраты қуатты Қазақстанның экономикалық әлеуетін
арттыруға қомақты үлесін қосуда. Өйткені, айшылық алыс жерлерге аман-есен жетуде, жолаушының жол азабын азайтуда, оған қоса жүк тасымалының қарқынды дамуында теміржолшылардың темірдей тәртібі менмұндалап тұр. Мұның қатарында жалпы еңбек жолы өтілін есептегенде 500 жылдан асқан, ынтымағы ұйысқан Рзаевтар әулетінің еселі еңбегі елге үлгі. Әулеттің әрбір мүшесі теміржол
саласының бейнеті мен зейнетін көріп, берекелі ғұмыр кешуде. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан мәуелі шаңырақта бүгінде бесінші буын өзінің қызметін теміржол саласымен байланыстырып, ризығын теруде.

Әсел Кеңесқ ызы
02 тамыз 2023 ж. 230 0