№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мың сәбидің кіндік анасы

Мың сәбидің кіндік анасы


Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына жалау болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп,«Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың көңілінен шығады. Біздің Жаңақорған ауданаралық ауруханасының перзентхана бөлімінің акушеркасы Жанна Рееваның еңбекқорлығы мен адамгершілігі көпке үлгі. Сондықтан антына адал маманмен тілдесіп, жаны сүйген мамандығының қыр-сырын білгіміз келді.


Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, екі дүние арасында арпалысып, тоғыз ай он күн көтерген баламыздың жарық дүниеге келуіне періштедей қорған болар акушер қауымының қоғамдағы құрметі ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген ілтипатымызды көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес. Біз сөз етіп отырған акушер Жанна Бейсенбайқызын барлық ғұмыры мен жастық жігерін туған еліне арнаған жан деуге болады.
– Бала кезімнен дәрігер болуды армандадым. Сол арман жетегінде жүріп Кентау қаласындағы медицина колледжінде 2005-2008 жылдары акушерлік іс мамандығын оқыдым. Еңбек жолымды 2010 жылы ауданаралық арухананың перзентхана бөлімінде бастадым. Осы бөлімде күні бүгінге дейін қызмет етіп, жұмыстың жауапкершілігін арқалап келемін. Ұжымда татулық пен ауызбіршілікті сақтап, тәжірибелі мамандардың тәлімін алдым, – дейді білікті маман.
Он бес жылдық еңбек өтілі бар маман перзентханадағы тәжірибелі маманның біріне айналды. Осы жылдар аралығында әрбір ананың бабын табуды, жұмысының қияметіне төзуді меңгерді. Біз аналар арасында көп кездесетін қаназдық мәселесі туралы сұрағанымызда: – «Біздің қоғамда жүкті аналарға кеңес аз немесе қаназдықтың қауіптілігін ескере бермейді. Біздің ауданда жүкті аналардың ең басты мәселесі анемия екенін еске салғым келеді. Қаназдық іштегі баланың дамуына кері әсерін беріп ғана қоймай, босану прцесін қиындатады. Осы сәтті пайдаланып, барша аналар қан құрамына аса мән беруді ұмыт қалдырмаса деген тілегім бар, – деді.
Жанна Бейсенбайқызы көп балалы ана. Қаршаңырақтың түтінін түзу түтетіп отырған ибалы келін. Жолдасы Қуаныш Сатыбалдиевпен жарасымды шаңырақ көтеріп, 2 ұл мен 2 қыз тәрбиелеуде. Біз күллі отбасына қуаныш сыйлап жүрген акушер маманның асар асуы әлі алда деп сенеміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
06 шілде 2023 ж. 311 0