№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы тиіс

Әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы тиіс



«Жастарымыз үш нәрсенің айрықша маңызды екенін түсінуі керек. Бұл – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет. Біз құрып жатқан әділетті қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек деген ұғымды жастарымызға түсіндіру қажет. Себебі, отаншылдық дегеніміз, ең алдымен, іскерлік, еңбекқорлық. Құр сөзден ештеңе шықпайды. Азаматтарымыз алдымен отбасын асырап, балаларына қамқор болуы керек. Оларға адал еңбегімен, алғырлығымен нәпақасын тауып беруі қажет», – деген болатын ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев.
«Еңбек күнін» мерекелеу бойынша, жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат - Адал еңбек» айдарының бүгінгі кейіпкері аудандық мәслихат депутаты Досантаев Данияр Асайынұлы.
Бүгін Жаңақорған ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесіне орай «Адал азамат - Адал еңбек» тақырыбында аудандық мәслихат депутаты, жас кәсіпкер Досантаев Данияр Асайынұлы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің студенттерімен еркін форматта кездесу өткізді.
Кездесу аясында Данияр Асайынұлы студенттерге еңбек жолындағы жинаған тәжірибесімен бөлісіп, мол пайдалы мағлұматтар беріп өтті. Жиналған студенттер көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауаптар алып, кездесудің соңында өз алғыстарын білдірді.
Данияр Асайынұлы Абай атындағы педогогикалық университетін алғашқы әскери дайындық мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. 2013 жылдан бастап жеке кәсіпкер ретінде ауыр жүк көлігін айдап түрлі құрылыс саласында жүрген, араға 10 жыл салып өзінің еңбекқорлығы мен талпынысының арқасында қазіргі таңда құрылыс жұмысын жасайтын бетон заводын ашып аудан жұртшылығына қызмет жасауда. 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қайырымдылық бағытында жұмыс істейтін «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қорының бастамасымен қазіргі таңда 11 үй салынып пайдалануға берілді. Осынша адал еңбектерінің арқасында бүгінгі таңда аудан жастарының ішінен сайланған жас депутат.
09 қыркүйек 2023 ж. 282 0