Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімпаз оқушының биігі

Білімпаз оқушының биігі


Аудан орталығындағы №3 мектеп интернатының 4 сынып оқушысы Болатбек Алмасбек Астана қаласында өткен «Мен сенемін жастарға» атты үздік дарындар жастар форумында 1 орынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатып оралды.


Болатбек жыл сайын мектепаралық дәстүрлі олимпиадаларда қазақ тілі, орыс тілінен озық танылып келеді. Орыс тілін еркін меңгеру жас ұланға ерте жастан коммуникативті даму сатысына көтеріліп, саналық тұрғыда шыңдалуға жол ашады. Көп тілді білу халықаралық деңгейде білім бәсекесіне қауһарлы етеді. Ал, әлемдік тіл ретінде ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, көркем шығармаларды сүйіп оқитын мектеп оқушысы қазіргі таңда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын жаттау үстінде. Зерек те, білімпаз оқушы әдеби шығармаларға көбірек ден қойып келеді. Болатбектің ұстазы Нәбира Аманова:
– Болатбек өте зерек шәкірт. Қазақ тілімен қатар, орыс тіліне деген қызы­ғушылығы басым. Жаңа сабақты тез ұғып, өз бетінше сөздіктерді жаттап, сөйлем құрастырып отырады. Ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқаныма біраз жыл болыпты. Осы уақыт аралығын­да қаншама шәкіртті тәрбиеледім. Әр баланың өзіне тән ерекше қасиеті болады. Жаңартылған білім бойынша сабақ беріп келе жатырмын. Өзінің білімге, өзге тілді тілді үйренуге ынтасы өте жоғары. Жылда ұйымдастырылып отыратын олимпиадаға үздіксіз қатысып келе жатыр. Барлығында да үлкен жетістіктер көрсетіп, жоғарғы орынды иемденіп келеді. Мен ұстаз ретінде Болатбек сынды оқушыммен мақтанамын, – дейді ұстазы.
Бос уақытында есеп шығарып, түрлі кітап оқып, ағылшын және орыс тілін меңгеруді алға қойған оқушының арманы асқақ. Айтар ойы мығым.
– Үйде ата-әжем, әкем мен анам әрдайым білімдінің болашағы жарқын деп айтып отырады. Мен де болашақта білімді, білікті маман болуды армандаймын. Болашақта білікті, өз ісімнің нағыз маманы болғым келеді, – дейді ол.
«Талаптыға нұр жауар», дегендей жеткіншектің болашақта алар асуы биік, жолы ашық болуына тілекшіміз. ХХІ ғасыр білім мен ғылымның, озық техниканың алтын дәуірі. Алдағы уақытта осындай талантты жастардың дарынын шыңдап, білімін жетілдіре түсу міндеті тұр. Сонда ғана өркендеудің биік белесіне көтерілеріміз анық.

Әсел Рзаева
11 қаңтар 2024 ж. 187 0