№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімпаз оқушының биігі

Білімпаз оқушының биігі


Төл газет талантты жастарды елмен таныстырып, насихаттауды жолға қойды. Бұл жолы №110 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы Дәуренбек Айзерені кейіпкер еттік. Ол білім бәсекелерінде дараланып жүр.


Ол жақында өткен 5-6 сынып оқушыларына арналған республика­лық олимпиадада ағылшын тілінен озық шығып, жеңіс тұғырынан көрініп, ауданның мерейін көтерді. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеру, ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Бұл сөзімізді Айзеренің ұстазы Гаухар Әбдірамановада қолдай кетті:
– Ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқаныма он жеті жыл болыпты. Осы уақыт аралығында қаншама шәкіртті тәрбиеледім. Әр баланың өзіне тән ерекше қасиеті болады. Дәуренбек Айзереге жаңартылған білім бойынша 1 сыныптан бастап сабақ беріп келе жатырмын. Өзінің білімге, ағылшын тілін үйренуге ынтасы өте жоғары. Сыныптастарының алды десем қателеспеймін. Ағылшын тілінде оқып қана қоймай, түсінгенін айтып бере алады. Жылда ұйымдастырылып отыратын олимпиадаға үздіксіз қатысып келе жатыр. Барлығынан да үлкен жетістіктер көрсетіп, жоғарғы орынды иемденіп келеді. Мен ұстаз ретінде Айзере сынды оқушыммен мақтанамын. Өзі сабақта белсенді. Тез қабылдап, жаттап алады. Талантымен таңдандырудан шаршамайды. Түрлі байқауларда дара атанып, мерейімізді өсіріп келеді» – дейді ұстазы Гаухар Әбусейітқызы.
Осы талабынан жаңылмаса, Айзерені әлбетте биіктен көреріміз анық, «Талаптыға нұр жауар», – дегендей балаусаның болашақта алар асуы биік, жолы ашық болуына тілекшіміз. ХХІ ғасыр білім ғылымның, озық техниканың алтын дәуірі. Алдағы уақытта осындай талантты жастардың дарынын шыңдап, білімін жетілдіре түсу міндеті тұр. Сонда ғана өркендеудің биік белесіне көтерілеріміз анық.

Әсел Кеңесқызы
27 қаңтар 2021 ж. 562 0