№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Окуда озат Адинай

Окуда озат Адинай




Адинай – дарынды оқушы. Жас­тайынан зеректігімен ұстаздарының көзіне түскен оқушы ағылшын тілі пәнінен алғырлығын танытып, мек­тепішілік сайыстарда жүлделі белес­терді бағындырып жүр. Ол жақында өткен 5-6 сынып оқушыларына арналған онлайн олимпиадада ағылшын тілінен озық шығып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеру, ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, білімге қызығушылығын оятуға бірден көп тілдерде сөйлесуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Бұл сөзімізді Адинайдың ұстазы Гаухар Әбдірамановада қолдай кетті:
– Адинай өте зерек шәкірт. Қатарластарына қарағанда ағылшын тіліне деген қызығушылығы басым. Сабақта үйреткен жаңа сабақты тез ұғып, өз бетінше сөздіктерді жаттап, сөйлемдерді құрастырып отырады. Ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқаныма он жеті жыл болыпты. Осы уақыт аралығында қаншама шәкіртті тәрбиеледім. Әр баланың өзіне тән ерекше қасиеті болады. Адинай Өсербайға жаңартылған білім бойынша сабақ беріп келе жатырмын. Өзінің білімге, ағылшын тілін үйренуге ынтасы өте жоғары. Сыныптастарының алды десем қателеспеймін. Ағылшын тілінде оқып қана қоймай, түсінгенін айтып бере алады. Жылда ұйымдастырылып отыратын олимпиадаға үздіксіз қатысып келе жатыр. Барлығынан да үлкен жетістіктер көрсетіп, жоғарғы орынды иемденіп келеді. Мен ұстаз ретінде Адинай сынды оқушыммен мақтанамын. Өзі сабақта белсенді. Тез қабылдап, жаттап алады. Талантымен таңдандырудан шаршамайды. Түрлі байқауларда дара атанып, мерейімізді өсіріп келеді» – дейді ұстазы Гаухар Әбусейітқызы.

Әлі ойын жасындағы бала болса да Адинайдың білімге деген құштарлығы басым, болшағына қойған мақсаты айқын. Бос уақытында есеп шығарып, түрлі кітап оқып, ағылшын және орыс тілін меңгеруді алға қойған оқушының арманы асқақ. Айтар ойы мығым.
– Ата-анам әрдайым білімдінің болашағы жарқын деп айтып отырады. Мен де болашақта білімді, білікті маман болуды армандаймын. Арманым болашақта білікті, өз ісімнің нағыз маманы болғым келеді, – дейді дарынды оқушы.
Болашағын баянды етуді мақсат тұтқан Адинайдың талпынысы қатар­ластарына үлгі-өнеге екені даусыз. Ол тіл үйренудегі білімін шыңдауда білім додаларына да жиі қатысып отырады. Осы талабынан жаңылмаса Адинайды әлбетте биіктен көреріміз анық, «Талаптыға нұр жауар», – дегендей балаусаның болашақта алар асуы биік, жолы ашық болуына тілекшіміз. ХХІ ғасыр білім ғылымның, озық техниканың алтын дәуірі. Алдағы уақытта осындай талантты жастардың дарынын шыңдап, білімін жетілдіре түсу міндеті тұр. Сонда ғана өркендеудің биік белесіне көтерілеріміз анық.

Әсел Рзаева
01 маусым 2021 ж. 839 0