«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Алтын күз келді бақшаға

Алтын күз келді бақшаға


Қай кезеңде де, қай елде болсын ұрпақ тәрбиесі бағдарлы болашақтың бастауы. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы бала тәрбиесінде жатыр. Осы мақсатта, кент орталығында орналасқан «Фарида-Көркем» бөбекжай-бақшасында «Алтын күз» мейрамы аталып өтті. Күз – мереке мен молшылықтың бастауы. Егін-терімін жиып, қаһарлы қысқа дайындығын аяқтаған жұрт жыл сайын «Алтын күз» мерекесін тойлауға кіріседі.

Аталмыш мерекеде ұйымдастырылған күз мерекесінде өнер бүлдіршіндердің биі мен әні де жұртты сүйсіндірді. Осылайша өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер тәлімгерлерімен бірге түрлі кезеңдерден өтіп, жиналған көпшілікке қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндерге табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы түсіндіріп, берекелі мезгіл екенін айтумен қатар еңбекқорлыққа тәрбиелеп, ойлау қабілетін дамытуды алға тартуда. Әсіресе ата-аналардың өз қолымен жасаған «Менің күзге сыйым» қолөнерлері мен балабақша аруларының бірінен-бірі асатын күздік сән үлгісі келушілерді таң қалдырды.
Осылайша кішкентайлардың арасында қызықты бағытта өрбіген шарада бақша тәрбиеленушілері үздік өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Біз әрбір күз маусымы келген сайын балаларға оның мән-маңызын, ырзық-несібесін түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Мұндай шаралар кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген киімдер киіп, тақпақтар айтып, қойылымдар көрсетеді. Бұл өз кезегінде жас өскіннің өз туған жерінің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюге баулиды.

Ботагөз Амантұр
«Фарида-Көркем» балабақшасының тәрбиешісі

16 қараша 2023 ж. 181 0