№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүлдіршіндер «Алтын күз» мерекесін тойлады

Бүлдіршіндер «Алтын күз» мерекесін тойлады


Балабақша – білім мен әлеуметтік ортаға бейімделудің алғашқы сатысы. Бұнда бала өзіндік әлеуетін байқап, күш-жігеріне сеніп, іс-әрекетте табысқа жетуді үйренеді. Осы мақсатта, кент орталығында орналасқан «Фарида-Көркем» бөбекжай-бақшасында «Алтын күз» мейрамы аталып өтті. Баршамызға белгілі, күз маусымында Жер ананың адам баласына ұсынар мол ырыс-несібесі диқандардың таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбек етуінің арқасында қамбаға құйылады. Сондықтан да астық пісіп, оны шашпай-төкпей жинап алу ісі дәл осы күз айларында жүзеге асырылатындықтан, осы маусымға халқымыз «Алтын күз» деп айдар таққан. Осыған орай, біз де балабақшада «Алтын күз» шарасын ұйымдастырып, жас өскіндердің таным-түсінігіне оң әсерін тигізетін мағлұматтар беріп, тәрбиеленушілер өздері жаттаған тақпақтарын айтып, көріністер қойды.


Күз мерекесінде балалар әуелете ән салып, би билеп кеш керемет көңіл күйде өрбіді. Осылайша өз өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер тәлім­герлерімен бірге жиналған көпшілікке қуаныш сыйлады. Бүлдіршіндерге табиғаттың күз мезгіліндегі өзге­рістері жайлы түсіндіріп, береке­лі мезгіл екенін айтумен қатар еңбекқорлыққа тәрбиелеп, ойлау қабілетін дамы­туды мақсат еттік. Балабақша тәрбиеленушілері «Таныстыру», «Театр әлеміне сая­хат», «Өз өнері», «Күзгі сән үлгі­сі» кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
– «Ұлт боламын десең бола­ша­ғыңды түзе» демекші, ел ертеңі өсіп келе жатқан осы жеткіншек­тер­дің қолында. Барлық білім балабақшадан басталады. Бала көпшіл болуды үйренеді. Ән айтып, би билейді. Тақпақтар жаттап, мерекелік кеш­терге қатысады. Басқа да шығар­машылық жұмыстармен айна­лы­сады. Бұның барлығы жас шыбықтың жан-жақты жетілуіне жағдай жасайды. Балалар дең­гейіндегі жарыстардың барлығына дерлік қатысуға күш саламыз. Ұл-қызын тапсырған ата-ананың сенімінен шығып, үкілген үмітін ақтау біздің міндетіміз. Ба­ла­бақшада қандай да бір байқау, сайыс болмасын үнемі жоғары дәрежеде өтеді. Әрине мұның бәрі білікті, білімді мамандардың еткен еңбегінің жемісі, – деді балабақша меңгерушісі Фарида Қоңырбаева.
Осылайша кішкентайлардың арасында қызықты бағытта өрбі­ген шарада бақша тәрбиеленуші­лері «Өнерлі бала», «Шығарма­шыл бала», «Ізденімпаз бала» номинациясымен марапатталды. Біз әрбір күз маусымы келген сайын балаларға оның мән-маң­ызын, ырзық-несібесін түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйым­дас­тырамыз. Мұндай шаралар ке­зінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсастырыла тігілген ки­імдер киіп, тақпақтар айтып, қойы­лымдар көрсетеді. Бұл өз кезегін­де жас өскінге туған жерінің қасиетін ұғынып, табиғатты сүюге баулиды.

Айғаным Мәденова,
«Фарида-Көркем» балабақшасының тәрбиешісі

08 қараша 2023 ж. 257 0