» » Жаңақорған ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Жаңақорған ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмаларының бірі.


Осы орайда, Бүгін М.Нәлібаев елді мекенінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған №7 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі филиалының ашылу салтанаты өтті.
Еңселі ғимарат Қызылорда облысының 85 жылдығы және Жаңақорған ауданының құрылғанына 95 жыл толуы қарсаңында ауыл тұрғындарына тарту етілді.
Іс шараға облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамов, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов, облыстық және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.
Спорт кешенінің салтанатты түрде лентасы қиылып, нысанның ішкі жұмысы таныстырылды.

06 қазан 2023 ж. 249 0