5 спорт кешен пайдалануға берілді

Өңір басшысы Жаңақорған ауданы спортының бүгінгі биігін бағамдап, жас спортшылардың жаттығатын кешеніне бағасын берді.
Жаңа ғимаратта қазір спорттың алты түрімен балалар шұғылданады. Оның ішінде, футбол, волейбол, гандбол, баскетбол, шахмат, стол теннисі бойынша жасөспірімдердің спорттық бабын шыңдайды.
Айта кетені, бұл нысан соңғы екі жылда мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында берілген 5-шісі. Бұған дейін Жаңақорған кенті (Айсұлу мейрамханасы спорт кешеніне лайық қайта жасақталды), Сүттіқұдық, Сунақата, Қожакент ауылдық округінде спорт кешені егісін ашты.
Бүгінде аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысатындар саны 31 процентке жетті. Ауылдық округтерде жоспарланған спорттық кешендер ашылғанда бұл көрсеткіш 50 процентке дейін жетуі мүмкін. Яғни Олимпиада ойындарына қатысған Дәулет Ниязбеков, Ғалымжан Өсербаевтың ізбасарлары қалыптасып, елдің абыройын лайықты қорғайтын болады.
Жеңісті күндер көп болсын, жерлестер!
Пікір 9