» » Спорттық нысандар салынды

Спорттық нысандар салынды


Тәуелсіздік жылдары (1991-2021 жж) Жаңақорған ауданы бойынша 150 спорттық ғимарат пайдалануға берілді. Оның ішінде: 1 стадион, 12 спорт кешені мен 30 спортзал, 43 жасанды жамылғысы бар футбол алаңы бар. 7 стритбол алаңы, 10 көше жаттығу құрылғысы, 20 жапсарлас спорт зал мен 27 жазықтықтағы спорт құрылғылары (волейбол, футбол, баскетбол алаңдары) салынды.

Енді әр жылда салынған спорттық ғимараттарды рет-ретімен жүйелеп кө­рейк.
2004 жылы Түгіскен ауылынан №8 Олимпиадалық резервтің-маман­дандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылса, 2018 жылы осы ауылдан денешынықтыру және спорт кешені жаңадан бой көтерді. 2013 жылы Жаңақорған спорт клубы ашылды. Одан кейін аудан орталығындағы спорт кешені пайдалануға берілді. 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында спорт нысандары жүзеге аса бастады. Алғаш 2017 жылы Сүттіқұдықта жаңа кешеннің лентасы қиылды. Одан кейін кентте, кейіннен Сунақата, Төменарық, Қожамберді спорт ғимараттары әріптестік мақсатта халыққа жол тартты.
Былтыр аудан орталығында, Ақүйік ауылдық округінде, биыл Қандөз бен Жаңарықта кәсіпкерлер әріптестік не­гізінде заманға сай нысандарды жалға берді. Бұл кешендерде күрес түрлері, волейбол, стол теннисі, футбол, гандбол және өзге спорт түрлерінен жасөспірімдер жаттығады. Бұл да аудан спорты үшін жаңа белестің бірі болды. Әлі де басқа да елді мекендерде спорт мектептері ашылатынына сенімдіміз. Өйткені, спорт саласы ел еңсесін тіктеп, тұғыр биігінен көрсетеді.
Міне, 30 жылда аудан спортының серпіні осындай көрсеткіштерімен мақтана алады. Қалғаны уақыттың көшінде, біз спортшылар мен білікті бапкерлермен биіктеп келеміз.
18 желтоқсан 2021 ж. 386 0