Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан атын асқақтатқан спортшыларды білесіз бе?

Аудан атын асқақтатқан спортшыларды білесіз бе?


































Ел егемендігін алған жылдан бастап спорт саласының дамуы қарқын ала бастады. Әсіресе, Әлем, Азия және Олимпиада ойындарында көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз әлем алдында шырқалды. Бүгінде спорт саласының серпіні әлеуетті. Байрақты бәсекелерде аудан спортшылары намысты қолдан бермей, абыройды асқақтатып жүр. Әрине мұндай шәкірт жетістігінің артында бапкерлік тәлімнің жүйелі жұмысы бар. Спортшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық орталық стадионда салтанатты шара өткізілді.
Мереке иелерін құттықтаған аудан әкімі Ғалым Әміреев салаға еңбегі сіңген ардагерлер мен үздіктерді арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады.
– Спорт – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағытының бірі. Тұңғыш Президент халыққа арнаған Жолдауында бұқаралық спортпен шұғылданатындардың санын арттыруды айрықша атап өткен болатын. Бүгінде ауданда 24 мыңнан аса тұрғын спортты өзіне серік еткен. Оған мемлекет тарапынан мүмкіндік те мол. Соңғы үш жылда ауданда спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Оған қоса, жергілікті жаттықтырушылар мен бапкерлердің еңбегі ерен. Олар дайындаған шәкірттер аудан абыройын дүбірлі додаларда асқақтатып жүр. Сондықтанда барша спорт майталмандарын кәсіби мерекемен құттықтаймын!, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Мұнан кейін бір топ сала үздіктері мен спорт ардагерлері марапат биігінен көрінді. Олардың қатарында аудан әкімінің «Алғыс хатымен» спорт ардагерлері Н.Палымбетов, С.Мұсабаев, М.Жаденов және ұлттық спорт – көкпардан Азия чемпионатының жеңімпазы Н.Асқаров, қол күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері А.Реметов, қол күрестен Азия чемпионатаның күміс жүлдегер Р.Фазылов, гір тасын көтеру Азия чемпионатының жеңімпазы А.Асанбеков, белбеу күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ж.Жоланқызы, белбеу күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері А.Қуандықұлы бар.
Сондай-ақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс хатымен» футболдан «Сығанақ» құрама командасының аға жаттықтырушысы Е.Қасенұлы, қол добынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, қол добынан Жаңақорған спорт клубының оқытушы-жаттықтырушысы Г.Мұхтарханқызы, Жаңақорған ауданының дене шынықытыру және спорт бөлімінің іс-жүргізушісіС.Әбдіқадырқызы, волейболдан аудан құрама командасының капитаны, облыстық, Республикалық біріншіліктің бірнеше дүркін жеңімпазы С.Асанқызы, №8 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің таеквондо бөлімінің жаттықтырушысы Е.Тоқтасынұлы және №8 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Р.Мұратұлы марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін спорт қызметкерлері арасындағы шағын футболдан аудандық жарыс ұйымдастырылды. Тартысты өткен ашық турнирдің жеңімпаздарына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов «Диплом» мен бағалы сыйлықтар табыстады. Жарыс нәтижесімен №7 ОРМБЖМ спорт мектебі І орын, спорт нұсқаушылар ІІ орын, Жаңақорған спорт клубы ІІІ орын иеленді.

Самат ӘБДІШ
18 тамыз 2019 ж. 825 0