№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәртебелі мұғалім

Мәртебелі мұғалім


«Ұстаз – ұлы тұлға». Осы бір сөздің түп төркінінде терең ой жатыр. Жаңа ғасырдың жан-жақты талапты тұлғасын тәрбиелеу басты назарда. Міне осы талаптарды алдына мақсат етіп қоя білген, жүріс-тұрысымен де, кісілік-кішілік келбетімен де, шәкірттерінің көңілінен шыға білген, тәжірибелі ұстаздар қатарында №162 мектептің физика пәні мұғалімі Жаңагүл Опашеваның есімі жиі аталады.

Бір сөзбен айтсақ, жаратылыстану ғылым­дары жаңалық атаулының жаршысы екені ақиқат. Демек Президент пәрменін сапалы орындауда аталған пән мұғалімдеріне артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Сандардың сырын ұққан ұстаз 1990-1994 жылы Қорқыт Ата атындағы университетінде физика-математи­ка мамандығы бойынша жоғары білім алып, 1994 жылдан бастап №162 орта мектебіне орналасады. Сабақты бала санасына сіңіру үшін үнемі қарапайым өмірден алынған мысалдармен келтіре отырып, баланың зейінін аша білді. Мейірімді апайдың ізін басып, математика бағытына бет бұрған түлектер аз емес.
Ол 2022 жылы ҚР ұлт­тық ғылым академиясы­ның ака­демигі Б.Әлияров­тың ауданның физи­ка пәні­нің үздік оқытушысына тағайындаған сыйлы­ғының иегері атанды. «Үздік педагог» республика­­лық байқауының аудандық кезеңінде 3-орын алды. Жаңақорған ауданының «Үздік педа­гог» атағы берілді. Республикалық «Bilgen» ұлт­тық олимпиадаларына үздік шәкірт дайын­да­ғаны үшін арнайы дипломы, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы» табысталған. Ол В2 категориялы физика пәнін ағылшын тілінде оқыту курсын бітірген санаулы ұстаздың бірі.
Оның баулыған шәкірттері дүбірлі додалар­да топ жарып жүр. Аудандық, облыстық пән­дік олимпиадада алдыңғы орындарды бер­мейтін шәкірттері республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі оралуда. Ізденімпаз ұстаздың шәкірттері де үнемі жеңістерімен елді қуантуда. Оның ішінде, аудандық пәндік олимпиадада 10 сынып оқушысы Н.Асылтұрсын 1-орын, Балнұр Мұятова 3-орын алды. Оған қоса, «Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды оқушысы» атты байқауында шәкір­ті, Балнұр Мұятова жеңімпаз атанды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақбота» зияткерлік олимпиадасынан 4 оқушысы 1-орын, 3 оқушысы 3-орынды иеленді. «Bilgen Alaman» республикалық олимпиадасында шәкірті Балнұр Мұятова 3-орыннан көрінді.

Ұстаздар династиясын жалғап келе жатқан ұрпақтардың ұлағатты жолын сөз етсек, Жаңагүлдің әкесі Жәлел Опашев физика пәнінің ұстазы болды. Жаңагүлдің жары Ержан Аймаханов та №162 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, екеуі 30 жыл бойы ауыл балаларына білім беріп келеді. Шаңырағында өсірген ұл-қыздары да ата-ана жолын қуған мамандар екен. Үлкен қызы Құралай Асылтұрсын №162 мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі, Жазира Қызылорда қаласында Құрылыс және бизнес колледжінде инфарматика пәнінің тәлімгері, Нұртілеу Қорқытата университетінде физика пәнінің мұғалімі мамандығының 4-курсында білім алуда. Биыл осы отбасы ұстаздар династиясы номинациясы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, аудан әкімінің алғыс хатын алды.

Мұғалім Жаңагүл Опашеваның Ы.Алтынсарин­нің 180 жылдығына арналған халықаралық ғы­лыми- практикалық конференциясына ұсынған материалы жинаққа енген, әрі өзі халықаралық академиялық экологиялық, инженерлік және педагогикалық ұйымның мүшесі екен. Жетістікке жетудің сырын бөліскен Жаңагүл Жәлелқызы:
– Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсе­кеге қаблетті маман дайындау. Мектеп – үйрете­тін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұға­лім шығармашылығындағы ерекше тұс – сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегінен жол таба білуі. Білім – ел қазынасы, халық байлығының ең маңғызды бөлігі, білімнің негізгі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда жатыр. Бұл дегеніміз – қызіргі білім беру саласындағы оқытудың озық педагогикалық тезнологияларды меңгеру, сауатты, жан – жақты мұғалім болу деген сөз, – дейді ол.

Мақпал МАРҚАБАЙ
03 қазан 2023 ж. 352 0