№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұстаздар марапат биігінде

Ұстаздар марапат биігінде


«Ғалым да, шахтер да бас иетін, ұстазым бар сенің қасиетің», – деп басталатын өлең жолдарын білмейтін жан жоқ шығар. Бұл сөздердің мағынасына үңілсеңіз ұстазға деген терең құрметті байқайсыз. Дүниедегі мамандақ атаулының төресі болып табылатын ұстаз еңбегі қашанда бағалы. Аудандағы осындай бірқатар ұстаздар арнайы марапатқа ие болды.

Ұлы ғұлама Абай Құнанбаев «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының тұлға болып қалыптасуы ұстазға байланысты екенін ерекше атап көрсетті. Ұстаз – шәкіртке болашақ өмірдегі кездесер қиындықтардан мұқалмай өтіп, тұлға болып қалыптасуына жол сілтер ақылшысы.
Жыл сайын республика көлемінде жалпы пәндер бойынша білім бәсекесін өткізу үрдіске айналған. Бірнеше кезеңнен тұратын осы олимпиадаға ауданымыздың бірнеше мектебінен онға жуық шәкірт облыстық байқауға жолдама алды. Осы дәстүрлі білім сайысында жүзден жүйрік шыққан оқушыларды марапаттаумен қатар оларға білім берген ұстаздарын ұлықтау да ұмыт қалмады. Олардың қатарында №56 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Баян Бимурзаева, осы білім ордасының биология пәні мұғалімі Күнсұлу Жүнісова, №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектеп қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлнар Тұрсынбаева, осы мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Меруерт Саркулова, №195 мектептің тарих пәні мұғалімі Бектұрған Даубалаев, №163 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Қасиет Жаманқұлова, №51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің құқық пәні мұғалімі Ержан Алтыбаев, №3 мектеп интернатының география, информатика пәні мұғалімдері Сабира Зейдалиева, Гүлнар Пернебекова аудандық білім бөлімі басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды. Бөлім басшысы Болат Ибрагимов марапатталған ұстаздар қауымына саналы ұрпақ, озат оқушы тәрбиелеу жолында сәттілік тілеп, алдағы Республикалық олимпиадада жеңіспен оралуына тілектес екенін жеткізді.
– ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры. Бүгінгі білім саласына енгізіліп жатқан реформалар – жаңартылған білім мазмұны, үш тілділікті қатар оқыту үдерісі ұстаз қауымынан күнделікті білімдерін жетілдіруді талап ететіні сөзсіз. Осы жолда өз білімімді үздіксіз дамытып отырамын. Шәкірт тәрбиелеуде жалыққан емеспін. Ұстаздың жемісі шәкіртінің жеңісі деп білемін. Біздің білім ордасынан байқаудың мектепішілік, аудандық кезеңнен өтіп облыстық олимпиадаға екі оқушы жолдама алса, қазақ тілінен Нұрай Зейнадуллақызы екінші орынға табан тіреді. Индира Нұрланқызы орыс тілінен үшінші орынды иемденді. Біздің еңбегімізді бағалап, марапат биігіне көтеріп, аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ комитеті мерейімізді үстем етті. Бұл біз үшін үлкен жеңіс деп білемін, – дейді Меруерт Саркулова.
Шәкіртінің сапалы білім алуында аянбай тер төгіп жүрген ұстаз еңбегі қашанда биік марапаттарға лайық.

Майра ҒАНИЕВА
05 ақпан 2020 ж. 1 179 0