№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Креативті мұғалім – заман талабы

Креативті мұғалім – заман талабы


Күн санап қарыштаған жаһандық әлемде елдің қуаты – білім мен ғылым арқылы өлшенеді. Математика – қашанда «ғылымдар патшасы». «Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан шешендiктi, математикадан зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан байыптылықты, логика мен көсемсөзден айтысу дағдысын үйренемiз» деп данышпандар айтқандай, ғылымдардың патшасы саналған математика пәнінің қыр-сырын үйретуден жалықпай, алдына келген шәкірттерін зеректікке жетелеген ұлағатты ұстаз Абзал Қошановтың білім беру саласына қосқан еңбегі еселеніп, құрметпен марапатталды. Бүгінгі заманның басты талабы – білім биігіне ұмтылу мен заманауи технологияны жетік меңгерген жаңашыл ұстаз Абзал 2020 жылы облыстық білім басқармасы жариялаған байқаудың «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2020» марапатын иеленді.


Біздің басты мақсатымыз – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әдетте оқушылар математиканы қиын пән деп санайды. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. Оның ішінде математиктер бүкіл әлемде үлкен сұранысқа ие. Шынымды айтсам, математиктерді қай салада болмасын деректерді күрделі талдау үшін іздейді. Алайда, сіз әлемдегі ең жақсы математикалық білім беретін мектептің түлегі болсаңыз, онда сіз күрделі мәселелерді шеше аласыз. Әсіресе, экономистер мен инженерлер математиктердің қыз­ме­тіне көп тәуелді, – дейді Абзал Файзуллаұлы.
Ол мектеп табалдырығында жүріп-ақ өзінің бойында мате­ма­ти­каға деген ынтасы мен қызы­ғушы­лығының үлкен екенін сезі­ніпті. Қазақтың біртуар азаматы, математика саласының білгірі Асқар Жұмаділдаевтай болуды алдына мақсат етіп, көп еңбектенді. Еңбек жолын киелі Түркістан қаласындағы №8 Нәзір Төреқұлов атындағы мектепте бастайды. Бірақ, туған жер алдындағы перзенттік борышы мен елге қызмет етсем деген бойдағы күш-жігері араға көп уақыт салмай өзі білім алған мектепте қызмет етуге жетелейді. Бүгінде Манап ауылындағы № 160 орта мектептің математика пәнінің үздік маманы. Өзі білген, көкірегіне түйген тағылымын шәкірт тәрбиесіне арнап келе жатыр.
Талантты ұстаздың облыстық, республикалық басылымдарда мақа­лалары да жарық көріп, ізденімпаз талапкерлерге ой салып, алға жетелейтін тұщымды кеңестерімен жиі бөлісіп отырады. «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» және «Математика барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика – оның патшасы» атты әдістемелік оқу құралы жарыққа шыққан.
Расында, біздің кейіпкеріміздің шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде математика пәнінен үнемі жоғары көрсеткішке жетіп жүр. Бірнеше жылдық еңбек өтілінде көп­теген жетістіктерге жеткен ұс­таз­дан дәріс алып түлеп ұшқан шәкірттер қазір еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етеді.. Білімнің асқар шыңын бағындырып, ғылым­ның қиясына өрлеу, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздардың ұстазы болу ешқашан оңайлықпен келмейді. Бір сөзбен айтқанда, ақыл-ойды тәртіпке келтіріп, зеректікке жетелейтін математика пәнінің мәнін ұқтырған ұстаздың мерейі қашанда үстем. Оның ұстаздық еңбегі жас ұрпаққа өрісті өнеге болатыны сөзсіз.

Әсел РЗАЕВА
06 қаңтар 2021 ж. 1 678 0