№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ


Елбасы биылғы Жолдауында адами капитал – жаңғырудың негізі екенін атап, «Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады. Оны енгізудің қажеттілігі ешқандай күмән туғызбайды», – деді. Осы ретте, емханалық қызмет көмегінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған бастаманы аудан халқына түсіндіру үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Абылайхан Рахманов арнайы келіп, «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында тұрғындармен жүздесті.
– Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан туындаған міндеттерді іске асыру мақсатында 2016 жылдың шілде айынан бастап елдің барлық аймағында тұрғындар арасында МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, республика бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» құрылып, 2017 жылы төленетін жарна мөлшері нақтыланған. 2017 жылдың аяғында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа жүйені енгізу жөнінде нақты шаралар іске асырылуда, – деді Абылайхан Мейірманұлы.
Бас сарапшының айтуынша, халықтың тұрғылықты жері бойынша емдеу ұйымдарына электронды базаға тіркелуін түгендеу жұмыстары, яғни, «Тіркелген халық тіркелімі» (РПН) ұйымдастырылып жатыр. Жаңа жүйенің енгізілуіне байланысты алдағы уақытта белгілі бір қиындық туындамауы үшін әрбір тұрғын осы жүйеге жауапкешілікпен қарап, өзі мен отбасы мүшелерінің емдеу ұйымдарына тіркелгендігі мен әлеуметтік статусын анықтап алғаны дұрыс.
Сондай-ақ, болшақта тұрғындар ХҚКО арқылы емханаларға тіркеуге тұра алады. Яғни, азаматтар өздері аударған МӘМС төлемдері туралы мәліметтің көшірмесін ХҚКО-нан ала алады.
– Бүгінде тұрғындар МӘМС аударымдары туралы мәліметті «электронды үкіметтің» egov.kz порталы арқылы білуде. Дегенмен, көп азамат мұның ыңғайсыздығын айтып жүр. Осыған орай, бұл қызметті тұрғындар ХҚКО алатын болады. Сонымен қоса, МӘМС жүйесінің қатысушысы деген анықтаманы да осы мекемеден алады, – дейді бас сарапшы.
Сонымен қоса, медициналық қызметтерді пайдаланушылар «халықтық бақылау» мобильді қосымшасын жүктеп алып, Медициналық сақтандыру қорының (МСҚ) дерекқорына енген барлық емдеу ұйымдары туралы пікір білдіріп, шағым жаза алады. Тілек-шағымдар негізінде болашақта клиникалардың рейтингі жасалады. Бұл азаматтардың ең үздік деген клиникалар мен емханаларды таңдауына мүмкіндік бермек. Ал, денсаулық сақтау нысандарының рейтингі пайдаланушылар қойған баға негізінде, автоматты түрде жасалады. Содан соң МСҚ-ның fms.kz сайтында жарияланып отырады.
МӘМС жүйесінің 2020 жылдың 1-қаңтарына шегерілуіне байланысты жарна төлеу тәртібі біршама өзгерді. Мәселен, жеке тұлғалар 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін жарна төлеуден босатылады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендеді. Бұл санаттағы азаматтар 2020 жылы табысының 1 пайызын, 2021 жылдан бастап 2 пайызын аударады. Бұл топ 2018-2019 жылдары жарна төлеуден босатылады. Ал, жұмыс берушілердікі өзгеріссіз. Яғни, олар үшін жарна төлеу тәртібі өзгермеген. 2018-2019 жылдары 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз төлейді. Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері де осы тәртіппен төлейді. Жеңілдігі бар санаттар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Ал, өзге санаттар ең төменгі жалақының 5 пайыз көлемінде жарна аударады.
Айта кететіні, мемлекет балаларды, барлық топтағы мүгедектерді, жұмыссыз ретінде тіркелгендерді, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерді, іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдарды, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдарды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдарды, жұмыс істемейтін оралмандарды (тіркелгенге дейін 1 жыл ішінде), «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарды, бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста отырған адамдарды, зейнетақы төлемдерін алушыларды, оның ішінде ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларды, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдарды, тергеу изоляторларындағы адамдарды өз қорғауына алып, ай сайынғы жарнаны аударады.
Сондай-ақ, МӘМС жүйесін түсіндіру жөніндегі жұмысшы топ мүшелері аудандағы елдімекендердің барлығын аралап, тұрғындарға жаңа жүйенің мақсат-мүддесін түсіндірді. Ақпараттық топты бастап барған ауданның бас дәрігері Сәулебек Ысқақов халыққа «МӘМС пакетіне» қандай қызметтер кіретінін атап айтты.
– Сақтандырылғандарға көрсетілетін қызмет түріне емханалық-амбулаторлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде амбулаторлық деңгейде дәрігердің рецептісі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стационарлық көмек көрсетіледі. Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек. Бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді. Ал, шұғыл көрсетілімдер алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан көрсетіледі, – дейді Сәулебек Есқожаұлы.
Дәрігердің айтуынша, мемлекет жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке, стационарлық көмек пен профилактикалық екпелер секілді тегін медициналық көмектің түрлеріне кепілдік береді.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
24 сәуір 2018 ж. 1 008 0