№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Зерек» мектебі жарқын ертеңімізді үкілейді

«Зерек» мектебі жарқын ертеңімізді үкілейді


XXI ғасырдағы өркениет озықтығы адами капиталға тікелей байланысты. Адам капиталын арттырудың бірден-бір бағыты – білім, ғылым, инновацияны дамыту. Өркениет көшіне ілескен озық елдердің саясатының басым бағыттары да осы салаларға арналса керек. Біздің елімізде де тәуелсіздік алғаннан кейін білім жүйесін жетілдіруде жаңа үлгідегі білім беру ұйымдары күн санап артып келеді. Әлбетте, егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Осы тұрғыда ауданымыздағы биыл ашылған «Зерек» негізгі орта мектебі кемел келбетін қалыптастыратынына сенеміз. Атаулы мектептің құрылтайшысы Нұрхан Асханов бізбен әңгімесінде былай дейді:


– Білімге деген көзқарастың жаңаруы – заман жаңарғанының белгісі. Жастардың болашағы олардың өздерінің нақты мақсаттарға ұмтылуына, еңбектенуіне тікелей байланысты ғой. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін. Мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн. Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастауымыз керек. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» деген болатын. Міне, осы мақсатта биылғы жылы аудан орталығынан жеке мектеп ашып, оқу жылын бастап отырмыз. Тәжірибелі мұғалімдер арқылы, сапалы әрі саналы білім беруге жан-жақты дайындалып, ұзақ інденістен кейін бастау алған мектебіміз 400 балаға арналған. Мақ­сат біреу – саналы шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім беру. Бізде тасымал, ыстық тамақ, баланың ойын дамытатын түрлі үйірмелер баланың жан-жақты дамуына даңғыл жол ашады деп есептеймін, – дейді құрылтайшы.
Заман ағымына қарай, уақыт ілгері жылжыған сайын бүгінде ата-ананың жеке мектепке деген сұранысы өте жоғары. Себебі жеке мектептерде оқушы таңнан кешке дейін уақытын тиімді пайдалана алады. Яғни, оқушы бұл жерде ең бірінші стандартқа сай білім ала отырып, үй тапсырмаларын орындап, түрлі үйірмелерге қатысады.
Мектеп директорлығына саналы ғұмырын білім саласына арнап келе жатқан Бақтияр Тоқтыбаевтың тағай­ындалуы тектен-тек емес. Мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаздық қырын көпшілік жақсы біледі. Бүгінде ұзақ жылдық тәжірибені жүзеге асырып, ұжымдағы оқу-тәрбие процесін жетілдіру, дамыту мақсатында оқытудың норма­тивті тәсілін кеңінен қолдану, мұғалім­дердің әдістемелік шеберлігін арттыру­да, жаңа технологиялық құрылғылар­­ды пайдалану, дарынды балаларды табу, олармен жүйелі жұмыс жүргізу, оқушылардың елжандылық сезімін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандан­дырары сөзсіз.
– Мектептегі негізгі кадр мұғалім болғандықтан, жұмысымызды ұстаз­дар­ды іріктеуден бастадық. Біздегі ұстаздардың барлығы аудан орталы­ғындағы өзге мектептерде жұмыс жасайтын, өте тәжірбиелі, жоғары санатты мамандар. Осы ұстаздармен қатар үлкен қалаларда тәжірибеден өткен жас мамандарымыз да жеткілікті. Оқушылар түске дейін негізгі пәндерін оқыса, түстен кейін қосымша тәрбиешілермен жұмыс жасайды. Баланың жан-жақты сауатты, салауатты, өнерлі де талапты болып қалыптасуына үйірменің үйретері көп. Қолы қалт еткенде пайдалы іспен шұғылданса, өзі үшін де, ата-анасы үшін де қажет. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім берумен қатар әр оқушыны тұлға ретінде дамыту, әрқайсысының бойындағы мүмкіндіктерін ашу. Баланың интелектуалдық қарым қабілетін дамыту үшін ментальды арифметика, ағылшын тілі, балаларға тәрбиелік-тағылымдық сабақ беруді жолға қойып келеміз. Бұл ретте ата-ана алғысы бәрінен маңызды, – дейді мектеп дирекоры. Осы тұста айта кетейік, “Зерек” мектебі 31 тамызға дейін үзіліссіз жұмыс жасап, бала қабылдауда жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.
Ия, бүгінгі күні оқимын, үйренемін деген талапкерге барлық мүмкіндік бар. Игі мүмкіндіктерді іске асыра білуде жеке мектептер көбірек мүдделі. Әйтпесе, бәсекеге ілесе алмауы мүмкін. Мектеп баланың болашағына іргетас болатын бірден-бір ұя. Ғылыми мағлұмат беріп, оның танымын, білімін және дағдысын, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыратын осы білім ошағы. Баласын кім қайда оқытамын десе де, біздің елде жағдай жасалған. Бастысы, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» екенін ұмытпай, өз ісімізге адалдық танытуымыз керек.

Әсел РЗАЕВА
22 тамыз 2023 ж. 298 0