Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімнің бұлағы бастауышта

Білімнің бұлағы бастауышта


XXI ғасырдағы өркениет озықтығы адами капиталға тікелей байланысты. Адам капиталын арттырудың бірден-бір бағыты – білім, ғылым, инновацияны дамыту. Өркениет көшіне ілескен озық елдердің саясатының басым бағыттары да осы салаларға арналса керек. Ақпараттық қоғамға аяқ басқан Жаңа Қазақстанда «Білім саласы, мектеп, оқыту» процестері де жаңара түсуде...


Баршаға белгілі, ел арасында «жеке мектеп» термині жиі естіліп, айтылып жүр. Бұл Еуропа, Америка, Корея сынды алпауыт елдердің білім беру методикасынан Қазақстанға да келіп жетті. Бәсеке бар жерде нәтиже болатыны айқын. Жеке мек­тептердің бәсекелестігі – оқу ұясындағы ұжымдық қарым-қаты­настың артуына, оқушылардың тұл­ғалық тұрғыда жан-жақты даму­ына ерекше серпін беруде. Соның бірі – биылғы оқу жылында алғашқы шәкірттерін қабылдаған «Қыран» негізгі орта мектебі. Білім саласының ардагер-ұстазы, республикаға таны­мал педагог, Ы.Алтынсарин меда­лінің иегері Шолпан Мажитова бас­қаратын білім ұясының бүгінгі басты міндеті – сапалы білім, саналы ұрпақ қалыптастыру.
Білікті басшының бағытымен сусындап, еңбек жолында нақты мақсаттарды межелеген біздер үшін жас ұрпақтың келешегі бәрінен де қымбат. Кез келген дүниенің іргетасы болатыны сынды, білімнің іргетасы – бастауыштан бастау ала­ды. 1-сыныпқа енді ғана аяқ басқан оқушының үлкен мектепке қандай оқу үлгерімімен баратыны, оқуға деген ынтасы мен ықыласының ашылуы, білімге қызығушылығына ықпал етуші – бастауыш білім беру ұясы. Бастауыш білім беру пәнінің ұстаздары мен сынып жетекшілері.
Өмірлік тәжірибемізден байқа­лып жатқандай, әрбір үйдің еркесі болған балалардың тілін табу, оқуға деген қызығушылығын ашу, бәрі де бастауыш білім беру ұстазына тікелей міндет.

Қыркүйек айы басталғалы өзім жетекшілік ететін 2-сынып оқушы­ларымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сыновтың 150 жылдығына орай «Тұғырлы тіл – тіршіліктің тынысы» атты апталықтың ұйымдастырушы­сы болып, мектепішілік сайыста көш бастадық. Алда келе жатқан Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 9-ақпандағы туған кү­ніне орай тартысты жыр кешін жоспарлап отырмыз. Мұқағалиды әні мен жырын музасына балаған барша оқырмандарды керемет кешке «Қыран» негізгі орта мектебіне ау­дан тұрғындарын шақыруда. Қорыта айтқанда, барлық білімнің балбұлағы, бастауы – бастауыш...

Тұрсынай АЛДАБЕРГЕН,
«Қыран» негізгі орта мектебінің
оқытушысы
01 ақпан 2023 ж. 407 0