№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Болашақ" жарқын ертеңімізді үкілейді

"Болашақ" жарқын ертеңімізді үкілейді

Тәуелсіздік алғаннан кейін білім жүйесін жетілдіруде жаңа үлгідегі білім беру ұйымдары күн санап артып келеді. Әлбетте, егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Әсіресе, бастауыш сынып – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Осы тұрғыда ауданымыздағы биыл ашылған «Болашақ» негізгі орта мектебі кемел келбетін қалыптастыруда. Атаулы мектептің құрылтайшысы кәсіпкер Оспанов Сапарғали бізбен әңгімесінде былай дейді:

  – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін. Мектептерді бюджет қаржысына салумен қатар, осы өзекті мәселені шешуге жеке секторды да тартқан жөн. Толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көше бастауымыз керек. Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» деген болатын. Міне, осы мақсатта 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудан орталығынан жеке мектеп ашып, оқу жылын бастап кеттік. Қазір бізде бастауыш сынып оқушылары 70 бала білім алуда. Бізде тасымал тегін, балалардың барлығы тасымалмен қатынайды. Оқушылардың әдеби шығармалар, тарихи кітаптар болсын оқуына толықтай мүмкіндік бар. Мақсат біреу – саналы шәкірт тәрбиелеп, сапалы білім беру.

Қазіргі таңда ата-ананың жеке мектепке деген сұранысы өте жоғары. Себебі жеке мектептерде оқушы таңнан кешке дейін уақытын тиімді пайдалана алады. Яғни, оқушы бұл жерде ең бірінші стандартқа сай білім ала отырып, үй тапсырмаларын орындап, түрлі үйірмелерге қатысады.

Мектеп директорлығына саналы ғұмырының қырық жылын білім саласына арнап, аянбай еңбек етіп жүрген Күләнда Жақыпбекованың тағайындалуы тектен-тек емес. Мың­даған шәкірт тәрбиелеген ұстаз­дық қырын көпшілік жақсы біледі. Қарапайым ұстаздан мектеп директорына дейін қызмет етіп, бүгінде құрметті демалысқа шыққан болатын. Әйстсе де, көпшіліктің ұсынысымен «Болашақ» бастауыш мектебінің директоры болып жұмысын жалғастырып келеді. Бүгінде ұзақ жылдық тәжірибені жүзеге асырып, ұжымдағы оқутәрбие процесін жетілдіру, дамыту мақсатында оқытудың нормативті тәсілін кеңінен қолдану, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін арттыруда, жаңа технологиялық құрылғыларды пайдалану, дарынды балаларды табу, олармен жүйелі жұмыс жүргізу, оқушылардың елжандылық сезімін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып-ақ келеді.

– Мектептегі негізгі кадр мұғалім болғандықтан, жұмысымызды ұстаздарды іріктеуден бастадық. Біздегі ұстаздардың барлығы аудан орталығындағы өзге мектептерде жұмыс жасайтын, өте тәжірбиелі, жоғары санатты мамандар. Осы ұстаздармен қатар үлкен қалаларда тәжірибеден өткен жас мамандарымыз да жеткілікті. Оқушылар түске дейін негізгі пәндерін оқыса, түстен кейін қосымша тәрбиешілермен жұмыс жасайды. Баланың жан-жақты сауатты, салауатты, өнерлі де талапты болып қалыптасуына үйірменің үйретері көп. Қолы қалт еткенде пайдалы іспен шұғылданса, өзі үшін де, ата-анасы үшін де қажет. Тәрбие орталығымен келісім шартқа отырып, жұмыс жасап жатырмыз. Атап айтсақ, «Ағылшын», «Менталды арифметика», «Қызықты география», «Тоқыма» үйірмелері балаларды жан-жақты білімге баулуда. Кітап қоры жеткілікті. Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім берумен қатар әр оқушыны тұлға ретінде дамыту, әрқайсысының бойындағы мүмкіндіктерін ашу. Баланың интелектуалдық қарым қабілетін дамыту үшін менталды арифметика, ағылшын тілі, балаларға тәрбиеліктағылымдық сабақ беруді жолға қойып келеміз. Бұл ретте ата-ана алғысы бәрінен маңызды, – дейді мектеп дирекоры.

Кеше ғана аталмыш мектепте менталды арифметикадан жүлделі орынды еншілепті. Атаулы мектептің мұғалімі 30 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірбиелі ұстаз Карима Жамурова.
– Әр баланың негізгі сабағын да, қосымша сабағын да оқытып, бағытбағдар береміз. Яғни, білім ордасында оқытудың кең көлемді қолжетімділігі қарастырылған. Ерте бастан жарыстарға дайындаймыз, – дейді ол.
Ия, бүгінгі күні оқимын, үйренемін деген талапкерге барлық мүмкіндік бар. Игі мүмкіндіктерді іске асыра білуде жеке мектептер көбірек мүдделі. Әйтпесе, бәсекеге ілесе алмауы мүмкін. Бұл жөнінде кент тұрғыны Мария Қасымбекқызының пікіріне құлақ түрдік:
– 2 сыныпта баламды осында әкелдім. Өйткені, сабақ үлгерімі нашарлап кетті. Қазір үлгерімі жақсарды. Ағылшын тілі мен математиканы тереңдетіп оқытады екен. Тасымал мен тамағы тегін. Бұл кез келген отбасына үлкен көмек деп есептеймін, – дейді ол.

Мектеп баланың болашағына іргетас болатын бірден-бір қажеттілік. Ғылыми мағлұмат беріп, оның танымын, білімін және дағдысын, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыратын осы білім ошағы. Баласын кім қайда оқытамын десе де, біздің елде жағдай жасалған. Бастысы, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» екенін ұмытпай, өз ісімізге адалдық танытуымыз керек.

Әсел РЗАЕВА
23 желтоқсан 2022 ж. 341 0