№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаңыз мектепке дайын ба?

Балаңыз мектепке дайын ба?

Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Бала біткеннің бәрі асыға, ерекше толқыныспен тағатсыздана күтетін уақыты емес пе? Әсіресе, мектеп табалдырығын бірінші рет аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін өте маңызды.


  Қазір ата-аналардың барлығы балаларына киім алып, жоқ-жітігін даярлап әлек. Дей тұрғанымен, баланың қолына кітап ұстатып, қалам мен дәптер беріп, күнделікті тапсырмалар беру арқылы дайындаған жөн. Өйткені, адам капиталын арттырудың бірден-бір бағыты білім, ғылым, инновацияны дамыту. Өркениет көшіне ілескен озық елдердің саясатының басым бағыттары да осы білім саласына арналса керек. Ақпараттық қоғамға аяқ басқан Жаңа Қазақстанда «Білім саласы, мектеп, оқыту» процестері де жаңара түсуде. Сол себептен де, болашағымыз деп балап отырған бүлдіршіндің білім алуына жауаптылық танытқан дұрыс.

Негізі, оқуға деген құштарлық баланың жасынан бастап қалыптасуы керек. Әлбетте, әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалап, білімді, жан-жақты, озық ойлы болғанын қалайды. Баланың кітап оқуға құмарлығын, үнемі ізденісте болуын қадағалап, ұстазбен бірге ата-ана етене жұмыс жасаса, ондай тәрбиені бойына сіңірген бала нағыз бесаспап тұлға болып шығады. Мысалы, мен өзім жұмыс жасайтын «Қыран» негізгі орта мектебінде әрбір оқушымен ұстаздар жеке-дара жұмыс жасап, үлкен нәтижелер көрсетуде. Бәлкім, атаулы мектепті білім саласының аудандық ардагер-ұстазы, республикаға танымал педагог Шолпан Мажитова сынды ұстаз бен ұжымның саналы ұрпақ қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуінің арқасы болар.

Білікті басшының бағытымен сусындап, еңбек жолында нақты мақсаттарды межелеген ұстаздар үшін жас ұрпақтың келешегі бәрінен де қымбат. Әрбір үйдің еркесі болған балалардың тілін табу, оқуға деген қызығушылығын ашу, бәрі де ұстаздарға тікелей байланысты. Біздің «Қыран» негізгі орта мектебінің ұстаздары үнемі ізденіп, жан-жақтан тәжірбие алмасып, мектеп табалдырығын аттаған әрбір балаға білім нәрін себуге жүйелі жұмыс жасап, тынымсыз еңбек етуді алға тартап келеміз. Мектеп ұжымы мен оқушылардың осындай бірлесе жасаған нәтижелі жұмыстары білім ордасының биік қадамдарын айқындап-ақ келеді. Мектеп ұжымының келешек ұрпағымыздың, Абай атамыз айтпақшы, «Толық Адам» ретінде өсіп-өнуі үшін жасап жатқан парасатты қадамдары өте мол. Мектеп ұжымы өз шәкірттерін білім бәйгесіне қосуда да аудандық, облыстық, республикалық сайыстардан қалыс қалған емес. Мектепте балалардың көшбасшылық қабілеттерін арттыруға, олардың шығармашылығына қолдау жасауға бағытталған бірқатар үйірме мен таңдау пәндері жұмыс жасайды. Яғни, біз мектеп ұжымы бар білім-білігімізді, қажыр-қайратымызды болашақ азаматтарды тәрбиелеуге салып, «Ұстаз» деген атқа лайықты қызмет етудеміз.

Айнұр Мәден, «Қыран» негізгі орта мектебінің мұғалімі
14 тамыз 2023 ж. 348 0