№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ПРЕСС-ТУР: КӘСІПКЕРЛІК ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

ПРЕСС-ТУР: КӘСІПКЕРЛІК ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие, грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған шағын кәсіпкерлердің жұмысы барысымен танысып қайттық. Алғашқы кезекте "Sanzhar Mebel" Жихаз өндірісіне соқтық. Кәсіп иесі Шайын Әбдішайых Ислам 2019 жылдан жұмысын бастаған. Онда 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Үстіміздегі жылы 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бойынша мемлекеттік грант иегері.Онан кейін Полистиролбетон блоктарын өндіру цехында болдық.
Кәсіпкер Сыздыкова Ляззат 2022 жылы «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ-ы арқылы төмендетілген пайызбен 14,0 млн. теңге несие алған. Бүгінде қуаттылығы айына 35 000 дана полистиролбетон блоктарын өндіреді. 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.Әрі қарай ДК «Мейрамбек» дәретхана қағаздарын шығару жұмысымен таныстық.
Кәсіп иесі Сулейменова Шолпан Жәдігерқызы өзінің қызметімен қатар 2015 жылдан бері отбасылық бизнесті де жандандырып отырған көп балалы ана. Бүгінгі таңда қияр егіп, өнім алып отырған жылыжайлары, сонымен қатар, кружкаларды, фудболкаларды түрлі бейнелермен безендіретін өнерлері және азық-түлік сататын 2 дүкендері тағы бар. 2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленді. 2021 жылы дәретхана қағаздарын шығаратын аппарат алып, соны іске қосып жұмыс жасауда.
03 тамыз 2023 ж. 1 410 0