2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

№72 (8985) 22

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауданда сурет салу байқауы өтті

Ауданда сурет салу байқауы өтті



"Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы" ғимаратында аудан әкімдігі мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің, "Қызылорда облысының Жастар Одақтары" қб-нің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары арасында құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында сурет салу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қосымша көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда балалар көркем мектептерінің рөлін арттыру. Қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету болып табылады.
Қазылар алқасының құрамы, қазылар алқасының төрағасы, "Әлшекей " атындағы өнер мектебінің директоры Қошқарбаев Қалдыбай, «Бала Art» өнер орталығының директоры Увайдаева Индира, "Қызылорда облысының Жастар одақтары" қб-нің төрағасы Алдабергенов Жасұлан, Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің маманы Қалжан Нұржан, Жастар ресурстық орталығының директоры Орынбасаров Наурызбай төрелік етті.
26 шілде 2023 ж. 717 0