Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 533

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Бүлдіршіндер арасында шығармашылық байқау өтті

Бүлдіршіндер арасында шығармашылық байқау өтті

"Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы" ғимаратында аудан әкімдігі мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің, дара кәсіпкер Қ. Мұратбаевтың ұйымдастыруымен мемлекеттік балабақша бүлдіршіндері арасында "Балғын шақ" атты балалар шығармашылық байқауы өтті.


Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, ана тілін сүюге, құрметтеуге дәріптеу. Шығармашылыққа деген талпыныстарын арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету. Ұлттық тәлім-тәрбиені, рухани байлығымызды бойына сіңіру болып табылады.

Байқау барысында балалар тақырыпқа сәйкес мәнерлеп оқу, жаттап айту, ән, би өнері бойынша сынға түсті.
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар, қатысушы талапкерлерге сыйлықтар, байқауға шәкірт қатыстырып, белсенділік танытқаны үшін тәрбиешілерге алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.

Шығармашылық байқау соңында қазылар алқасының төрайымы Мамирова Алма Жұмаділлақызы байқауда алған әсерімен бөлісіп, жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдармен және бағалы сыйлықтар табыс етті.
20 шілде 2023 ж. 625 0