№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Ауданда "Сурет байқауы" басталды

Ауданда "Сурет байқауы" басталды

Жаңақорған ауданы тұрғындары арасындағы құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ


«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» тақырыбындағы сурет байқауы.
Ұйымдастырушы:
Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі, «Қызылорда облысы Жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі.
Қатысушылар:
Жаңақорған ауданының тұрғындары, 25 жасқа дейінгі жастар, 26 жастан жоғары ересектер

Жалпы ережелер:
Аудан тұрғындарының арасындағы құқық бұзушылыққа, қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатындағы сурет байқау ережесі оның мақсатын, міндеттері, форматы мен өткізу тәртібін анықтайды.

Байқаудың міндеттері:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, қосымша көркем білім беруді дамыту, білім алушының тұлғасын тәрбиелеуде, оқытуда және шығармашылықта дамытуда балалар көркем мектептерінің рөлін арттыру;
2) Қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің көркем қабілеттерін, дағдыларын, қиялын және даралығын көрсету мүмкіндігі;
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
1) Аудан тұрғындары арасындағы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;
2) Тұрғындар арасында жемқорлыққа қарсы және рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мемлекеттімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
3) Тұрғындар, жастар арасында суретшілердің талабын шыңдау. Балаларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

Байқау шарттары:
- суреттер кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.), кез келген сурет салу техникасында (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындала береді.
- байқауға жіберілетін жұмыстар А4 (210х290) форматынан кем емес және А3 (420х580) форматынан үлкен болмауы керек.
Байқау жұмысына қоса, автор туралы төмендегі ақпараттар берілуі керек:
1) Тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы;
2) Тұрғылықты мекен-жайы.
3) Байланыс нөмері және электронды мекенжайы.

Сурет байқауы мен қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2023 жылдың 24 шілде күні сағат: 16.00-де «Ордакент ардагерлер, жастар ресурстық орталығы» ғимаратында өтеді.
Байқауды қорытындылау және қатысушыларын марапаттау:
Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының шешімімен 25 жасқа дейінгі "үздік" І, ІІ, ІІІ деп танылған және ересектер арасында "үздік" І, ІІ, ІІІ деп танылған 3 жұмыстың иелері жеңімпаз болып саналады.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және 500 000 мың теңге қаржылай сыйақылармен марапатталады.
18 шілде 2023 ж. 759 0