№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіп түбі нәсіп

Кәсіп түбі нәсіп



Бүгінде өз ісін дөңгелетемін деушілерге мүмкіндік көп. Тек кез-келген істің тетігін тауып, мүмкіндікті тиімді пайдалана білу керек. Міне, осылай кәсібін дөңгелетіп отырған замандасымыз орталықтағы «Нұр» базарында сатушы Жанар Әмзеқызының ісіне көпшілік сүйсіне қарайды. Орталық базардағы киім-кешек, аяқ киім, ыдыс аяқ, «Фаберлейк» сынды дүкендер желісінің ісін дөңгелетіп отыр. Нағыз еңбек адамының адал кәсібі көпке үлгі боларлықтай. Тиыннан теңге құрап, толайым табыстарға жетіп жүрген кәсіп иесінің тіршілігін көзімізбен көріп қайтқан едік.

Осы тұста айта кетейік, "Нұр" базары 1 ряд, 29 бутик, "Мир обувь Жанакорган" дүкенінде жаздық аяқ киімдерге 50 пайыз жеңілдіктер жүрік жатыр. Өте сапалы, сәнді, осы жылдық хит аяқ киімдері арзан бағада сатылып жатыр. Жаңақорған аудан тұрғындарыжеңілдіктер науқанынан кешігіп қалмаңыздар. Бұндай шок баға әлі болмаған...
Қазіргі нарықта әркім өз бетінше кәсіп бастап, күнкөрісін қамтамасыз етуді жөн санайды. Әсіресе, жеке кәсіпкерлігін ашып, өз ісінің өрге домалауын жолға қоюды көздейді. Мемлекет те осы бастамаға дем береді. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Жанар Әмзеқызы Төменарық ауылында өскенімен, Байқоңыр қаласында 20 жыл бойы саудамен айналысып, кәсіптің қыр-сырын жақсы меңгеріпті. Әкесінің көзі тірісінде «Қызым, елден жырақта жүре бересің бе? Ағайын, туыстың қасына келгенің жөн болар» деген бір ауыз сөзінен кейін, осыдан бір жыл бұрын Жаңақорғанға қоныс аударыпты. Сіңлісі Жұлдыз екеуі орталық «Нұр» базарынан төрт бірдей дүкенді, яғни киім-кешек, аяқ киім, ыдыс-аяқ, фаберлик компаниясының тауарларын көпшілікке ұсынып отыр.
Таңмен таласа дүкенін ашып, күнделікті тұтынатын тауардың бағасын қарапайым халыққа қолжетімді етіп, жеке бастың емес, жалпы жұрттың алғысын алға қойып келеді.
– Үлкен кісілер «саудада береке бар» дейді ғой. Расында, адал еңбек етсең Алла өзі бәрін реттейді. Саудада жүрген адамға адалдық пен қанағатшылдық керек. Сонда ғана сауданың берекесі кіреді. Өзім Алматыдан аяқ киімдерді де, ыдыс аяқтарды да жақсылап таңдап, сапасына ерекше мән беріп әкелемін. Өйткені, тауарды алған адам ренжімеуі керек. Оның үстіне, нарық заманында ешкімге оңай тиіп отырған жоқ. Сол себепті де, барға қанағат етіп, бағасын көпшілікке қолжетімді етіп қоямын. Тұрғындар өзгелерге қарағанда сәл арзандау деп маған көбірек келеді. Маған өзгемен бәсекелес болу маңызды емес, ең бастысы ел риза болса болғаны. Бағаны аспандатып көтере алмаймын, халықтың жағдайын да ойлау керек. Міне, қазір жаздық аяқ киімдерге жаппай жеңілдік науқанын жасап жатырмын. Бұның өзі көпшілікке әжептеуір көмек, – дейді кәсіпкер.
Әр келушіні жылы шыраймен қарсы алатын Жанар Әмзеқызы кез-келген тұтынушының сұрағанын тауып беруге тырысады. Алдында тұрған әрбір заттың сапасы мен қай елден келгенін талдап көрсетіп, нәпақасын адал еңбекпен табатынын байқатты. Кейіпкеріміздің дүкеніне барып, жұмыс барысын көзімізбен көргеннен кейін Жанар Әмзеқызының бұл ісі көпке үлгі екеніне көзіміз жетті. Өйткені, заманауи киімдер мен аяқ киімдердің, көздің жауын алатын ыдыс-аяқтардың түр-түрінен бастап, қалауыңыздағы кез келген бұйымды таба аласыз. Тұрғындар талғамы күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан тұтынушы тапсырысы көңілден шыққаны абзал. Расымен, кейіпкеріміздің дүкен сөрелеріндегі тауарларға қарап, біздің ауданымызда да осындай аяқ киімдер мен ыдыстар бар екен-ау деп таңқалыстық.
– Адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен осы кәсіппен айналысқалы осыны түсіндім. Біздің бойымызда бір істі бастауға бел бумайтын қасиетіміз бар. Болашағы қалай болар екен деп ойланып, тәуекелге бармаймыз. Қазақта «Нар тәуекел» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адамның өзі еңбек етіп, өзінің жеке кәсібінен нәсібін тапқаны ең жақсы іс. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді жүргізе білу де өнер, – дейді кәсіпкер.
Бір айлық табысты емес, ешкімге тәуелсіз табыс тапқанды құп санайтын кейіпкеріміз болашақта отбасылық кәсіпке ден қоятынын тілге тиек етті. Бәсекелестік қалыптасқан ортада қашан да сапалы қызмет жүреді. Халықтың көзі ашық, тыныс-тіршілігі кеңіді. Ел арасында, «сауда әділ болмаса – нарық бұзылады», – деген тәмсіл бар. Аптасына жеті күн есігі ашық тұратын Жанар Әмзеқызының дүкені бүгінде көпшіліктен оң бағасын алып, үлкен сұранысқа ие.

Әсел КЕҢЕСҚЫЗЫ


23 қыркүйек 2023 ж. 491 0