№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саудада береке бар

Саудада береке бар

Жаңақорғанда Нұрділла Мырзаевты танымайтын жан кемде-кем шығар. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау саласының мамандары бұл кәсіпкерді бес саусағындай біледі. Тек көпшілік бұл кісіні “Нұртек” деп атап кеткен. Нағыз еңбек адамының адал кәсібі көпке үлгі боларлықтай. Тиыннан теңге құрап, толайым табыстарға жетіп жүрген дүкеншімен арнайылап сұхбаттасудың сәті түскен еді.


  Қазіргі нарықта әркім өз бетінше кәсіп бастап, күн көрісін қамтамасыз етуді жөн санайды. Әсіресе, жеке кәсіпкерлігін ашып, өз ісінің өрге домалауын жолға қоюды көздейді. Мемлекет те осы бастамаға дем береді. Көбіне Нұрдилла Хайбулла секілді талапшыл тұрғындар тасада қалмайды. Бірақ, Нұрекең әзірге несие алып, грант ұтуға асығар емес. Енді сауда-саттыққа қайтарымсыз қаржы бермеуі мүмкін, дегенмен кейіпкеріміздің басқа да бизнесті бастауына әл-ауқаты жетеді. Оған бір дәлел, Нұрділла мырза №56 мектеп жанынан оқушылардың қажетін өтейтін шағын дүкен ашып, берекелі ісін жалғастыруда.

Таңмен таласа дүкенін ашып, кешқұрым оқушылар мен осы маңдағы мекеме қызметкерлерін толықтай керекжарағымен қамтуда тынбай қызмет қылады. Қалтасына түсер қаржы қамы бір бөлек, оның уақытпен санаспайтын, ақкөңілділігі барша жұртты тәнті етеді. Күнделікті тұтынатын тауардың бағасы да қолжетімді.

– Шариғатпен бастайтын болсақ, саудада береке бар. Ол үшін адал сауда мен қанағатшылдық керек. Сонда ғана сауданың берекесі кіреді. Тұрғындар өзгелерге қарағанда сәл арзандау деп маған көбірек келеді. Маған өзгемен бәсекелес болу маңызды емес, ең бастысы ел риза болса болғаны. Бағаны аспандатып көтере алмаймын, халықтың жағдайын да ойлау керек, – дейді кәсіпкер.

Иә, қанағатты жанына серік еткен кейіпкеріміз 2015 жылы жеке кәсіп ашуды қолға алып, орталықтан шағын дүкен ғимаратын сатып алады. Бастапқыда саудасын небәрі 400 мың теңгемен бастаған екен, уақыт өте өзінің сатып алушыларын қалыптастырады. Тұрғындарға ыстық кофе мен гамбургерін ұсынып, көпшіліктің ілтипатына бөленеді. Біз де сол қатардамыз. Күн сайын түскі үзілісте жүрек жалғайтын орнымыз Нұртектің ұядай құтханасы.

– Сауда жасауды алдымен мектеп оқушыларынан бастадым. Олар сабақтан қайтарда тіске басар сұрап, маған қолжетімді бағада гамбургер сатуға ой тастады. Сөйтіп, осы істі қолға алдым. Кейде бір күнде 300-400 данаға дейін фаст-фуд өнімін жасап сататын күндерім болды.

Әр келушіні жылы шыраймен қарсы алатын ол, кез-келген тұтынушының сұрағанын тауып беруге тырысады. Тіпті, сусындарды да балаларға қолжетімді етіп, бір реттік ыдыстармен арзан бағада сататынына куә болдық. Әр заттың қай уақытта жасалғанын айтып, нәпақасын адал еңбекпен табатынын байқатты.

– Жұмыстан қолымыз қалт еткенде немесе түзкі үзілісте осы дүкеннен сауда жасайтынымыз рас. Мәселе бағада емес, алдымен іздегеніңді табасың, сосын жүзі жылыға жақын жүресің ғой, – дейді мемлекеттік қызметшілер.

Көптің алғысын арқалап жүрген Нұрдилланың негізгі мамандығы заңгер. Ол Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң колледжін, одан кейін Болашақ университетін бітірген. Еңбек жолын аудандық прокуратурада іс жүргізуші болып бастап, қылмыстық атқару инспекциясында инспектор болып қызмет атқарған. Уақыт өте сауда саласына бет бұрып, өз кәсібін ашуды қолға алған.

Қазақта «сауда әділ болмаса – нарық бұзылады», – демек тәмсіл бар. Аптасына жеті күн саудасын қанағатпен пұлдайтын Нұрділла Хайбуллаұлының дүкені бүгінде көпшіліктен оң бағасын алып үлгерді. Тілге тиек ететіні, кәсіпкер, һәм саудагер, тіпті миллионердің басы бос. Адал жанға адал қосақ нәсіп болса қанекей!

Әлібек Жарықбаев

21 наурыз 2023 ж. 581 0