№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Еңбектің ебін тапқан

Еңбектің ебін тапқан


Бүгінде өз ісін дөңгелетемін деушілерге мүмкіндік көп. Тек кез-келген істің тетігін тауып, мүмкіндікті тиімді пайдалана білу керек. Міне, осылай кәсібін дөңгелетіп отырған Балтабаев Асылжанның ісіне көпшілік сүйсіне қарайды. Кент орталығындағы «Нұрасыл» сауда үйінен «Asyll gold» зергерлік бұйымдар дүкенін дөңгелетіп отыр. Бизнес иесі кәсіптің ілгері дамуына мемлекеттен «Даму» қорынан төмен пайызда несие алып, ісін ілгері дамытып отырған кәсіпкер. Еңбек адамы шағын және орта бизнес арқылы нәпақасын айырғанда ғана еліміздің белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткізетінін Асылжан жақсы біледі. Кәсіпкерлікпен айналысу бала күнгі арманы екен.

  Түс таянған уақыт. «Asyll gold» зергерлік бұйымдар дүкеніне арнайы барып, мақалаға арқау еткенді құп көрдім. Мен кірген уақытта дүкеннің ішінде халық аз көп. Қызу жұмыс болып жатқан көріністің үстінен түстім. Әр тұтынушы өзіне қажетті алтынды таңдап, тағып көріп, қалағанын осы жерден тауып, ықыластана сауда жасауда. Дүкен иесі Асылжан да оларды жылы жүзбен қарсы алып, жақсы көңіл-күй сыйлап тұрғанын байқамау мүмкін емес. Әрбір келген тұтынушымен сөйлесіп, іздеген дүниесін тауып беріп, жөн сілтеп те жатыр. Ол кәсібін «Ақжол» сауда үйінде құрылтайшы Нұрболат Ашировтың жанында кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, бес жылдың ішінде саудамен айналысу арқылы үлкен жетістікке жететінін ұғынады. Сөйтіп, соңғы бір жылдың ішінде өзінің жеке зергерлік дүкенін ашып, кәсібін бастаған екен.

– Өзім Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің «экология» факультетін және «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтында «есепші» мамандығын бітіріп келген соң, еңбек жолымды «Ақ жол» сауда үйінде бастадым. Осы жерде Нұрболат ағамның қасымда жүріп кәсіп ашуға деген ниет пайда болды. Өйткені кәсібі бар адам жерде қалмайтынын ұғындым. Осы тұста айта кетейін, кәсіпкерлікті қолға алуыма әкемнің де үлесі зор. Әкем өте білімді, сауатты жан еді. Өкінішке орай, небәрі 49 жасында өмірден өтті. Аз ғана ғұмырында бізге көп нәрсені үйретті, еңбекке баулыды. Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан емеспін. Тек өзімнің аз-маз жиған-тергенімді жоспарлы жұмсап, осы істі бір ізге келтіріп келе жатырмын. Қазір, шүкір жаман емес. Алдағы уақытта қызмет орнын  кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін тартып, жаңа бағытта жұмыс жасауға ниеттеніп отырмын, – деді ол.

Кейіпкеріміздің дүкеніне барып, жұмыс барысын көзімізбен көргеннен кейін Асылжанның бұл ісі көпке үлгі екеніне көзіміз жетті. Өйткені, заманауи алтындардың түр-түрі, кеңес заманындағы аналарымыздың таққан алтындарынан бастап, қалауыңыздағы кез келген бұйымды таба аласыз. Себебі тұрғындар талғамы күн сайын өзгеріп отырады. Сондықтан тұтынушы тапсырысы көңілден шыққаны абзал. Расымен, кейіпкеріміздің дүкен сөрелеріндегі алтын бұйымдарға қарап, бізде де осындай алтындар бар екен-ау деп таңқалыстық.

– Адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен осы кәсіппен айналысқалы осыны түсіндім. Біздің бойымызда бір істі бастауға
бел бумайтын қасиетіміз бар. Болашағы қалай болар екен деп ойланып, тәуекелге бармаймыз. Қазақта «Нар тәуекел – ер ісі» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адамның өзі еңбек етіп, өзінің жеке кәсібінен нәсібін тапқаны ең жақсы іс. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді жүргізе білу де өнер, – дейді кәсіпкер.

Бір айлық табысты емес, кәсіптен ешкімге тәуелсіз табыс тапқанды құп санайтын Асылжан Сәбитұлы болашақта отбасылық кәсіпке айналдыратынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, жас кәсіпкер жетістікке жету үшін қателесуден қорықпау керек дейді. Ең бастысы, құлшыныс пен өзіңе деген сенім маңызды. Ол бірден пайдаға кенелген жоқ. Әлі де білікті мамандардың ақылкеңесіне мұқтаж екендігін жасырмайды.
Бәсекелестік қалыптасқан ортада қашан да сапалы қызмет жүреді. Қазір ауданымызда алтынның түр-түрі, тапсырыс берушілер де, қабылдаушылар да көп. Бірақ әр кәсіпкердің өз несібесі бар. Халықтың көзі ашық, тыныстіршілігі кеңіді. Қандай істі қолға алсаң да бірінші талап пен білім керек. Білімің ешкім сенен тартып ала алмайтын ең мықты қаруың. Адам кәсіп аша алады, бірақ білімсіз бәрібір оны дамыта алмайды. Бүгінін емес, ертеңін терең ойлайтын, білімі мен жігеріне сенер кәсіпкер көбейе берсін. Себебі кәсіп көзін тапқанға табыс әкеледі.

Әсел РЗАЕВА
30 қазан 2022 ж. 1 108 0