№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді

Кәсіптің көзін тапқан табысқа жетеді


Бүгінгі нарық заманында әркім өз бетінше жұмыс істеп, кәсібінен нәсіп теруді жөн санайды. Әсіресе, жеке кәсіпкерлігін ашып, өз ісінің өрге домалауын жолға қоюды көздейді. Мәселен, Есқара Байден шығармашылықтан бөлек, кәсіпкерлікті қолға алып, фаст-фуд орталығында көпшілікке өз қызметін ұсынды.
Қазіргі таңда, барлық жерде фаст-фуд бизнесі жақсы жолға қойылған. Тағамның бірнеше түрін қамтитын арнайы орталықтардың ашылуы кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашады. Осыдан бір ғасыр бұрын Америкада қолданысқа енген көпшілік тамақтанатын фаст-фуд орталықтары кентте де аз емес.
Бірі бірінен өтеді, тағамның сан алуан түрі бар.
«Есқара фуд» фаст-фуд орталығы солардың қатарынан саналады. Күніне 100-ге жуық адамға қызмет ететін фаст-фуд орталығы – отбасылық бизнестің жарқын үлгісі. Өмірде талай жанды кезіктірдік, ақылдысы да бар, білектісі мен білімдісі де аз емес. Бірақ бұл жігіттің қолынан бал тамған дерсіз. Ол – кәсіпкерлікті жетік меңгерген әрі табыс көзіне айналдырып үлгергеніне көз жетті.


– Бала кезімде тағамның дәмін татып, баға беретін дегустатор болғым келетін. Меніңше, адам қатып қалған стеротипті бұзып, өмірде жаңа мүмкіндіктерді іздеп, тынымсыз еңбек ету қажет. Жалпы жастар ешкімге ешнәрсені міндетсінбеуі керек. Әркім өзі үшін еңбек етіп, өз жағдайын өзі ойлауы керек. Әркімнің өзіне лайық кәсібі болады. Соны дәл таба алса болғаны. Ол үшін әрдайым ізденісте жүру қажет. Кәсіптің түр-түрін байқап көруге болады. Солардың арасынан өзіңнің қолыңнан жақсы келетін, жаның сүйетін істі табарың анық. Ең бастысы, ешқашан уайымға берілмеу қажет. Ерік-жігерің мықты болып, өз дегеніңнен қайтпасаң, табандылық танытсаң – түбі жеңіске жетесің, – деді ол.
Міне, сөзіне ісі сай бозбалаға қарап кәдімгідей марқайып қалдым. Жұмыс жоқ деп сылтауратпай, қолынан келетін істі кәсіпке айналдырып келеді. Өзінің қанша табыс табатынын да жасырмады. Отбасылық кәсіпті ілгерілету мақсатында тұрғындарға жеткізіп беру қыз¬меті қарастырылған. «Инстаграм» әлеуметтік желісінде бизнес парақшасын ашып, тәулік бойына тұтынушылардан тапсырыс қабылдап отыр.
«Есқара фуд» фаст-фуд орталығы аз уақыт ішінде аудан тұрғындарының сұ-ранысын қанағаттандыруда. Отбасылық шағын демалысты қалайтын жандар үшін фаст-фуд өнімдері таптырмас мүмкіндік. Ең бастысы кәсіпкерлік көкжиегін кеңейткен кәсіпкер жігіттің тазалыққа көңіл бөлетіндігі қуантады.
– Өз басым «халал» өнімдердің тұрақты тұтынушысымын. Қазіргі уақытта маркетолог саласы қанат жайған тұста шағын бизнесті қолға алу құптарлық жағдай. Барлық жағынан ұтымды әрі сапалы қызмет көрсете білген жас кәсіпкер ісіне береке берсін, – дейді тұрақты тұтынушы Толғанай.
Міне, «жас келсе іске» деген осы болар. Алға қойып отырған мақсаты да жоспарлы, нақты іске бағытталғандай. Көп ұзамай өзінің кәсібін кеңейтіп, «КFC», «Бургер кинг» сынды өзінің авторлық тағамын нарыққа шығарып, қазақстандық брендтке айналдыруды ойлап отыр. Байқасаңыздар, нарық заманы мол табыс тауып, жаңа жұмыс көздері көптеп ашылып, кәсіпке бейімделуге жол ашты.
Жас кәсіп иесінің бір күнімен танысқанымызда оның өз ісіне адалдығын аңғардық. Әр келушіні жылы шыраймен қарсы алатын ол, кез-келген тұтынушының сұрағанын тауып беруге тырысады. Тіпті, сусындарды да балаларға қолжетімді етіп, бір реттік ыдыстармен арзан бағада сататынына куә болдық. Әр заттың қай уақытта жасалғанын айтып, нәпақасын адал еңбекпен табатынын байқатты.
– Еңбектің қай түрінде болмасын ерінбесең ризық табасың. Шағын болса да береке дарыса кез-келген істің алға жылжитыны анық. Алдағы уақытта дүкенді үлкейту жоспарда бар, – деді.
Иә, тәуекелге бел буып, өзін дамытқысы келетін адам ғана белгілі бір кәсіппен айналыса алады. Әрі еңбек еткен табысқа жетеді, яғни өз жалқаулығын жеңген адам ғана мол бақыт пен байлыққа кенеледі. Сондықтан өзі жас болса да, кәсіпкерліктің көшін бастап отырған Есқара Байденнің еңбегі көпке үлгі. Біз де өз кезегімізде кәсіпкерліктің баспалдығынан көрінген кәсіпкердің ісіне сәттілік тілейміз.

Әсел Рзаева


10 тамыз 2021 ж. 792 0