№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АГЕНТТІКТІҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ

АГЕНТТІКТІҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ


  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан  қалалық білім бөлімі мен басшылық құрамдағы педагог және білім саласындағы мемлекеттік сатып алуға жауапты  қызметкерлердің қатысуымен
«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту» тақырыбында кездесу өткізілді.
         Кездесу барысында Департаменттің бас маманы А.Сәлімжан  бүгінгі күні заңсыз сыйақы мен пара туралы барынша толық мәлімет берді. Атап айтқанда, сыйақы мен параның әкелер зардабы мен оның көзделген жауапкершілігі айтылды. Сондай-ақ, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту мәселелеріне тоқталды. Бұған қоса, жиналған қауымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.
         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл барлық мемлекеттік органдарда, басты міндеттердің бірі болып табылатыны және әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністері үшін жазаны бұлтартпау туралы есте сақтауға борышты екені жөнінде айтылып өтті.
         Сонымен қатар, Агенттіктің бастамасымен қолға алынып жатқан жаңашыл «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы және оның негізгі мақсаты туралы түсіндірме берілді. 
          Қорыта келе, Департамент қызметкері кездесуге қатысушыларды өз құқықтарын қорғап, өз еленің жанашыры болып, саналы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын жеткіншектерді тәрбиелеу жұмыстарын одан әрі қарқынды жүргізуге шақырды.
14 мамыр 2018 ж. 1 070 0